22 11 2018

2018 жылдың 30 қараша күні сағат 17.00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық суретші Алтын Қисамиденованың «Анама арнадым» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

Алтын Қисамиденова 1962 жылы Павлодар облысы Ленин кентінде дүниеге келді. 1987 жылы Н.К. Крупская атындағы  Семей педагогикалық институты көркем-сызба факультетінің «Бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алды.

2005 жылдан Павлодар көркемсурет колледжінің кәсіби пәндер дисциплинасының оқытушысы. Бүгінде  суретші шығармашылығына зор уақытын арнап, туындыларды жарыққа шығарады. Портрет, пейзаж, натюрморт, тақырыптық жанрында жұмыс жасайды. Республикалық, облыстық, қалалық шығармашылық көрмелер, конкурстар және жыл сайын өткізілетін пленэрлердің  белсенді қатысушысы.

Көрмеге ұсынылған туындылар Ыстықкөл, Алматы, Астана және Павлодар қаласында орындалған пейзаждар сериясы құрайды. Кең жазира даланың әсем келбетін, сыр-сипатын беру арқылы еліміздің табиғатын сүйіспеншілікпен бейнелейді. Қайталанбас сұлулықты  бейнелеуде қасиетті атамекен топырағының жылулығын  көркемсурет өнері арқылы жеткізеді. «Дала сұлулары» әйелдер портреттер сериясы таңғажайып, көркем. Әйел бейнесі суретшіні  шабыттандыратын қайнар көзі. Автордан биязылық пен шабыттылықты талап етеді. Бұл ретте, әр мәдениетте және әр түрлі уақытта нәзіктіктің өз мұраты қалыптасады. Суретші көрерменге неше ғасыр өтсе де әйел отбасы тірегі мен ошақ иесі болып қала беретіндігін жеткізеді.

Шығармашылығына баға жетпес зор үлес қосқан анасына көрмені арнайды.

Экспозицияға автордың 70 жуық сызба және кескіндеме туындалары ұсынылды.

Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 2018 жылдың 30 қараша - 19 желтоқсан аралығында тамашалай алады.

Онлайн кім

Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр