12 12 2018«Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған логикалық және сындарлы ойдың ұсынысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы. Елбасы тарихты тек адамзат қоғамының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым ретінде қарастырып, нақты фактілерге сүйене отырып, сол тұрғыда басқа халықтардың мүддесіне нұқсан келтірмей қалыптастырған жағдайда, біз өзіміздің өркениеттілігімізді әлемдік қауымдастыққа көрсете білуді ғылыми қоғамның алдында міндеттеме қойды.

«Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» атты мақаланың бірінші бөлімінде Ұлы даланың тарихи тұрғыдағы жеті қыры көрсетілген:

1.Атқа міну мәдениеті.

2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия.

3.Аң стилі.

4.Алтын адам.

5.Түркі әлемінің бесігі.

6.Ұлы Жібек жолы

7.Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны.

Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі. Павлодар облыстық көркемсурет музейі «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Халқымның тарихы» атты Павлодар облысы суретшілерінің  көрме-сайысын өткізеді. Бұл шара Халықтың ұлттық бірегейлігін нығайтуға бағытталған. Конкурс өткізу және оның қорытындысы бойынша бейнелеу өнері көрмесін ұйымдастыру шараның негізгі жиынтығы болып табылады.

Берілген тақырыпты бейнелеу өнерінің түрлі жанрында бейнелі түрде айқындау (кескіндеме, сызба, мүсін, сәндік-қолданбалы өнері, арт-объектілер).      

Көрменің мақсаты:

- кәсіби бейнелеу өнерін насихаттау және қолдау;

- табиғатқа ұқыпты көзқараспен қарауды қалыптастыру;

- патриоттыққа тәрбиелеу, суретшілердің шығармашылық шабыты арқылы бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу;

- ұлттық бірегейлікті қалыптастыру;

- рухани құндылықты нығайту;

- Қазақстанның туристік кластерін дамытуды қолдау, туристік брендтерді басым түрде қалыптастыру;

- еліміздің көрікті жерлерінің географиясын ауқымды түрде дамыту;

Көрменің міндеті: Казақстан көркемсурет өнері мектептерінің дамуы жолында павлодарлық суретшілердің шығармашылық өнері мен кәсіби шығармашылық деңгейін жетілдіруді насихаттау. 

 

Көрме- сайыстың ережесі

Жалпы ереже 

  1. Павлодар облысы суретшілері шығармаларының көрме-сайысын өткізу туралы жалпы ереже сайыстың ұйымдастырылу тәртібі мен өткізілуін, жұмыстарды таңдау талабын, қатысушылар құрамын, жеңімпаздар мен қазылар алқасын анықтайды.
  2. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының мақаласы аясындағы «Халқымның тарихы» атты Павлодар облысы суретшілерінің көрме-сайысы.
  3. Көрме-сайыс келесі номинациялар бойынша өткізіледі: кескіндеме, сызба, мүсін, сәндік- қолданбалы өнер.
  4. Сайысты ұйымдастыру мен өткізу барысында шығармада жариялылық, адамгершілік, жалпыға түсініктілік, адамгершілік құндылықтың көрініс табуы ескерілумен қатар , азаматтық келбет пен жеке тұлғаның ой еркіндігі, өз құқығын қорғау мен сайысқа қатысушының қызығушылығы негізге алынады.

Ұйымдастырушылар

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Павлодар облыстық көркемсурет музейі» КМҚК.

 

Сайыс талабы 

  1. Сайысқа Павлодар облысының кәсіби суретшілері қатысады.
  2. Бір автордан ұсынылған шығармалар санына шектеу қойылмайды.
  3. Павлодар облыстық көркемсурет музейінде өткізіледі (шығармаларды қабылдау мен қолға берілу акт бойынша жүргізіледі).
  4. Шығармаларын сайыс орнына жеткізу сайысқа қатысушының міндетінде.

Жұмыстың безендірілуіне қойылатын талап 

  1. Сайысқа ұсынылған шығармада   Қазақстан мемлекеті тарихының көрінісін табуы тиіс
  2. Сайысқа Тәуелсіз Қазақстанның жылдарында орындалған келесі аталған көркемсурет өнері түріндегі түпнұсқалар ғана қабылданады:

   кескіндеме

   сызба

   мүсін

   сәндік-қолданбалы қолөнер

  1. Кескіндеме жұмыстары кенеп, қатырма қағазда орындалып, багетпен безендірілген болуы тиіс.
  2. Сызба жұмыстары пастарту, шыны, багетпен безендірілуі тиіс.
  3. Мүсіндер қола, мәрмәр, шамот, ағаш материалдарынан орындалуы тиіс.
  4. Сәндік-қолданбалы өнер шығармалары технологиялық нормаға сай орындалуы тиіс.
  5. Сайысқа қатысушылар келесі аталған құжаттарды ұсынуы қажет:                                            
  • Сайысқа қатысу өтінімі;
  • Шығармашылық биография;
  • Кәсіби білімі туралы құжат (көшірме)
  • Ғылыми дәреже, атақ, марапат, ҚР СО мүшелігі, ҚР КА мүшелігі туралы құжат көшірмелері (бар болса)

 

Өткізілу орны мен уақыты 

  1. Сайыс музейдің сайты мен әлеуметтік желілерде жарияланған күннен бастап өткізіледі.
  2. Сайыс 3 кезеңнен өтеді:

1.сайысқа қатысу туралы өтінім 2018 жылдың 19 желтоқсанына дейін Павлодар облыстық көркемсурет музейінде қабылданады.

  1. Көрмеге арнайы туындыларды іріктеп алу

3.Көрмені ұйымдастыру және сертификаттармен марапаттау – 2018 жылы 26 желтоқсан.

Ұйымдастыру комитеті:

  • Көрме-сайыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуін іске асырады
  • Сайыстың ұйымдастырылыуы мен өткізілуінде мүдделі мекемелермен қарым-қатынасты жүзеге асырады
  • Сайысқа қатысушылар құрамын өтінімдері негізінде анықтайды

 

Сайыс қортындысын шығару мен жұмыс бағасының талабы

  1. Сайысқа ұсынылған шығармалар мына аталған талаптарға сәйкес бағаланады:
  • сайыс талабы мен мақсатына сай болу
  • шешімнің айқындылығы
  • орындау шеберлігі
  • шығармашылық тәсіл
  • шығарма сапалылығы ( құрылым, бояу үндестігі, безендірілуі)
  1. Сайыс шешімі бойынша Павлодар облыстық көркемсурет музейінде көрме ұйымдастырылады
  2. Көрме-конкурсының қатысушылары сертификатпен марапатталады

Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар қ.

Павлодар облыстық көркемсурет музейі

Торайғыров көш., 44/1

т/ф.: 8(7182) 53-58-11, 53—61-04

Онлайн кім

Қазір 186 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр