20 12 2018

2018 жылдың 21 желтоқсан күні сағат 16.00-де  Павлодар облыстық көркемсурет музейінде  Павлодар суретшілерінің  «Дала сарыны» атты есептік көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Көрмеге 2017-2018 жылдар аралығында орындалған кескіндеме, сызба, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, түрлі арт-обьектілер және инсталляциялармен толықтырылған 80-нен астам туындылар ұсынылды. Көрерменге классикалық және заманауи бейнелеу өнерінің сырларымен танысуға үлкен мүмкіндік беріледі.

Экспозициядағы туындылар суретшілердің шығармашылық процестерінің қорытындысы болып табылады.  Шеберліктің өркендеуі, өзіндік түс пен стиль ізденісі, композиция мен  болмысыңды көрсететін тілде жаңа туындыларды жарыққа шығарды.

Жаңа туындыларда Ұлы даланың түрлі қырлары байқалады: өмір, тұрмыс, табиғат, тарихи кезеңдердің ерекшелігі. Сонымен қатар, Ұлы дала адамының күрделі мінезі  бейнеленген. 

Павлодар суретшілері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болған мәдени мұраны, ата мұраны сақтай отырып көркемөнер арқылы бейнелеу өнерін өзгеше жаңа деңгейде қайта жаңғыртып келеді. Ұлттық-мәдени тамырлар мен тарихымызды қастерлеу арқылы өткен күннен сырт шертеді.

Көрме 2018 жылдың 21 желтоқсан - 2019 жылдың 20 қаңтар аралығында жұмыс жасайды.

Онлайн кім

Қазір 106 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр