IMG 1435

2019 жылдың 18 қаңтар күні сағат 18.00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Павлодар суретшісі  Лидия  Борисенконың 70 жылдық мерейтойына орай «Менің байлығым» атты көрмесінің ашылуы өтті. Лидия Борисенко Уралда дүниеге келді. Павлодар қаласына ата – анасымен ХХ ғасырдың 60 жылдары көшіп келді. Павлодардағы мектепті бітірген соң, сүт өнімдері училищесін тәмамдап, Қалқаман ауылындағы Сүт зауытында жұмыс жасайды. Бала күніндегі арманы – кәсіби суретші болу. Көркемсурет мектебіне түсе алмай, сол балалық арманы мәңгілік ойында еді.

1972 жылы Павлодарға келіп, өндірістік мекемеде суретші-безендіруші болып жұмысқа орналасты. 20 жылдан астам  Лидия Борисенко  түрлі мекемелердің өндірістік кабинеттерін безендірумен айналысты.  1985 жылы суретші – безендіруші мамандығы бойынша көрнекті үгіттеуші курсын бітірді. 1990 жылдардың  ортасынан бастап кескіндеме туындыларын жарыққа шығара бастады. Сурет өнеріндегі негізгі жанрлары – портрет және пейзаж. Автордың туындылары қала тұрғындарына өте ұнайды. Қаланың мерекелік шараларындағы «Арбат» суретшілер алаңының  тұрақты қатысушысы.

Көрмеге түрлі уақытта орындалған пейжаз, портрет және натюрморт жанрындағы 50-ге жуық кескіндеме туындылары ұсынылды.

Көрме 2019 жылдың 18- 28 қаңтар аралығында жұмыс жасайды.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр