15 02 2019

Қайтадан қайталанбауы керек» атты шығармашылық кездесуі.

Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына орай 2019 жылдың 15 ақпанында Павлодар облыстық көркемсурет музейінде ауған соғысының ардагерлері, Павлодар жоғарғы басқару колледжінің ұстаздары мен студенттері, интернационалист-жауынгерлер ескерткішінің авторы Бота Машраповтың қатысуымен «Ауғанстан жаңғырығы. Қайтадан қайталанбауы керек» атты кездесуі ұйымдастырылып өткізілді.

Кездесудің негізігі мақсаты - ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, Ауғанстан жерінде әскери іс-қиымылдарға қатысқан жауынгерлеріміздің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып жастарды патриотизм мен ерлікке насихаттаумен қатар, әскери борышын батылдық пен абыроймен өтеген ардагер-жерлестерімізге құрмет көрсету.

Кездесудің барысында ардагерлерлер өздерінің жауынгерлік естеліктерін жастарға баяндап, сарбазадар мен офицерлер «Живая память Афгана» атты жинағына кірген әдеби шығармашылық туындыларымен бөлісті. Жиналғандарға Ауғанстанда қаза тапқан жерлестерімізідің құрметіне мемориалды комплексінің ашылуы туралы бейнебаян көрсетілді.

Интернационалист-жауынгерлер ескерткішінің авторы, павлодарлық танымал мүсінші және суретші Бота Қабыкенұлы Машрапов кездесу қатысушыларын мүсіндік композицияның концепциялық мағынасы мен мүсінді орындау тарихымен таныстырды.

Онлайн кім

Қазір 44 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр