18 09 2019 kzКөрменің тұсаукесері 2019 жылдың 20 қыркүйек күні сағат 16:00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде өтеді.

Балалар көркемсурет мектебі 1979 жылы құрылған. 40-жылдың ішінде қиын да, қызықты жолдарды басынан өткізді. Оқып жүрген жас суретшілерінің саны әр жыл сайын өседі. Қазір мектепке 600 шамасында оқушы қанағатпен қатысады, соның ішінде «Бүлдіршіндер елі» өнерстудиясының балалары 4 жастан бастап шығармашылық дамытуда.

Мектеп жұмысының негізгі көрсеткіші балалар сурет конкурстарымен көрмелерге қатысу. Кішкентай суретшілер мен олардың мұғалімдері үнемі Қазақстан, Ресей, Польша, Үндістан, Чехия, Тайвань, Британия, Германия, Эстония және басқа елдерінен қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстары мен көрмелерге қатысып, дипломдарға және жүлделерге ие болады. 

Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінің ұжымы өзінің жұмысымен жас ұрпақтың жалпы көркемөнер-эстетикалық мәдениетін көтеріп, балалармен жас өспірімдердің арасында Қазақстан халықтары мәдени мұрасының құндылықтары мен идеяларын насихаттауда. 

Мектептің Республикадағы беделдігі және балалар бейнелеу шығармашылығы саласында сіңірген қызметі нәтіжесінде, сонымен қатар әр жыл сайын балалар сурет конкурстарындағы көптеген жеңістерімен байланысты, 2006 жылғы сәуір айында Павлодар қаласы БКСМ құрметті халықаралық ЮНЕСКО клубының статусын алды.

Көрмеге әр түрлі техникада, әр түрлі материалдармен орындалған 150-қа жуық жұмыстар қойылған.

Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 2019 жылдың 20 қыркүйек - 6 қазан аралығында тамашалай алады.

Онлайн кім

Қазір 37 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр