IMG 20191001 WA0000

2019 жылдың 9 қазан күні сағат 15.00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «ART ЗАМАН» атты Шығыс Қазақстан өнер музейінің қорынан ұйымдастырылған кескіндеме, графика және гобелендер көрмесінің ашылуы өтеді.

Қаламыздың тұрғындары мен қонақтары «ART ЗАМАН» атты ретроспективті көрмесінің экспозициясында отандық суретшілердің бейнелеу өнері саласындағы кәсіби шеберліктерінің даму тарихы мен негізгі жетістіктері жөнінде баяндайтын 31 шығармашылық туындыны тамашалап көруге болады. Көрмеде Әбілхан Қастеев, Исабай Исабаев, Евгений Сидоркин, Гүлфайрус Исмаилова, Салихитдин Айтбаев, Бахтияр Табиев сияқты танымал суретшілердің кескіндемелік және графикалық туындыларымен қоса Марат Джунусов, Алибек Шоканов, Марат Смаилов суретшілерінің шығармаларын көруге мүмкіндік туады. Сонымен қатар экспозицияда шпалерлік тоқымашылық техникасында орындалған Малик Муканов шеберханасында шығармашылықпен айналысатын алматылық суретшілердің туындылары көрсетіледі.

Көрме 2019 жылдың 6 қарашасына дейін жұмыс істейді

Онлайн кім

Қазір 88 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр