15 11 20192019 жылдың 19 қарашасында сағат 16.00.-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінің 55 жылдығына орай көркемсурет музей қорынан ұйымдастырылған «Таңдаулы» атты мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрме экспозициясында 100 астам кескіндеме және графикалық шығармаларымен қатар мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары көрермендер назарына ұсынылып, өнерсүйер қауымы мен қарапайым келушілердің қызығушылығын тудырып, дүниетанымы мен көңіліне түсіп, жаныңа жақын тартқан өзіне деген «ең таңдаулы» шығармашылық туындыны көріп тамашалауға мүмкіндік алады.

Экспозицияда XIX, XX және XXI ғасырда орындалған «классикалық» шығармалармен қатар «авангардтық» көремөнер ағымына жататын туындылар орын тапты. Көрмеде музей қорындағы ең үлкен шығармашылық туындыны және ең кішкентай кескіндемелік шығармалар, музейдің жинағына ең алғашқы болып түсіп, коллекцияны жинақтауда бастама болған туындылармен қатар 2019 жылы Қазақстан заманауи суретшілерімен музей мерейтойына арнап сыйға тартылған ең жаңа шығармашылық жұмыстарын тамашалауға мүмкіндік туады. Көрменің топтамасына сан алуан мәнерлер мен бағыттарда орындалған шығармашылық туындылар қоғам мен заман тынысын, күн сайын жаңадан пайда болатын көркемсурет ағымдары мен бағыттарының өнер мен сұлулыққа деген көзқарастарын бейнелейді

Қала тұрғындары мен қонақтары қараша айының аяғына дейін көрмені тамашалай алады

Онлайн кім

Қазір 35 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр