03 12 20192019 жылдың 4 желтоқсанында сағат 18:00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Қытай Халық Республикасының тарихын және жетістіктерін баяндайтын «70 жылдың даңқты жетістіктері» атты фотокөрмесінің ашылуы өтеді.

70 жыл ішінде Қытай Халық Республикасы халықтың бірлігі мен аянбай еткен тынымсыз еңбегінің арқасында экономикалық көрсеткіштердің өсуі мен өнеркәсіптің қарқынды дамуы сияқты жетістіктерге қол жеткізген болатын.

1949 жылы 1 қазанда Пекин қаласының Тяньаньмэнь орталық алаңында бес жұлдызды қызыл ту көкке көтерілді. 1978 жылы өткен Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің 3-ші пленумының 11-ші шақырымында елдегі реформаларды бастау мен еркіндік және ашықтық бойынша қабылданған қаулы тарихи үрдістің негізі болды.

2012 жылы өткен Қытай коммунистік партиясның 18 съезінде Си Цзиньпин бастамасымен Қытайда қабылданған реформалар саяси модернизацияны жүзеге асыруға негіз болып, Қытай мемлекетінің жаңа тарихи дәуірге қадамы болып саналады.

Бүгінде Қытай – бейбітшілік пен серіктестік, мемлекет аралық қарым-қатынастардағы тиімділік мен ыңтымақтастық тұжырымын ұстанатын мемлекет. Қытай мемлекеті үнемі әлемнің дамуына күшін қосып, әлем халықтары мен адамзаттың бірыңғай тағдыры қауымдастығын түзіп, бейбіт болашақ құру ісінде үнемі ат салысуда.

«70 жылдың даңқты жетістіктері» көрмесіне келушілер фотосуреттер арқылы Қытай халқының өткен 70 жылдықтағы әлемнің дамыған мемлекеттері қатарына кіру үшін күресі мен экономикалық жетістіктерімен қоса, Қытайға тән жаңа дәуір социализмін құру және оның сәтті тәжірибесіне куә бола алады. Бұл фотокөрменің мақсаты – уақыт ағымындағы Қытай Халық Республикасының өткен тарихын, бүгінгі және болашақ жетістіктерін баяндап көрсету.

Қытай Халық Республикасының 70 жылдығына орай Қытайдың өзінде және шет елдерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. «70 жылдың даңқты жетістіктері» атты фотокөрмесін Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент және Павлодар сияқты қалаларының тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады. 

Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы елшілігінің өкілдері, Павлодар облысы мен Павлодар қаласының, фотосуретшілер мен қылқалам шеберлері, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Көрме 2019 жылдың 4 және 18 желтоқсаны аралығында жұмыс істейді.

Онлайн кім

Қазір 19 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр