IMG 6681

Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Павел Васильев атындағы республикалық премияның лауреаты, «Павлодар облысы алдында сіңірген еңбегі үшін» және «Еңбектегі жетістіктер үшін» төсбелгілерінің иегері павлодарлық суретші Виктор Поликарповтың ақын Павел Васильевтің 110 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жер Ана…» атты офорт көрмесінің ашылуы өтті.

Көрермендер Виктор Поликарповтың офорттарын тамашалап Павел Васильевтің ақындығына қызығушылық пайда болумен, жерлесіміздің шығармашылық мұрасы халық арасында насихатталып ұмытылмайды. Шығыс пен Батыс, Қазақстан мен Ресей, қазақ халқы мен казактардың мәдениетін мен дәстүрлерін шығармашылық туындыларында асқан әсемдік пен нәзіктікпен суреттеген қылқалам шебері ретінде Виктор Поликарпов ақын Павел Васильевпен еуразиялық ауқымындағы бір қатардағы тең тұлғалар деп айтсам артық болмайды.

Тұғырлы өнер мен графика саласында шығармашылық етеді. 1986 жылдан бастап Виктор Поликаропов туған өлке мен казак қауымының тарихын, көшпелі халықтың дәстүрі мен тұрмысын суреттеп бейнелейтін «Павел Васильев поэзиясына» атты көлемді графикалық туындылардың туындысын орындаған болатын.

Қылқалам шебері үшін Павел Василевтің ақындығы сарқылмас шабыт пен қуаныштың бұлағы.

Көрменің экспозициясында ақынның шығармашылығына бейнелейтін 16 офорт орын тапты. Көрме ай бойы жұмыс істейді.

Онлайн кім

Қазір 217 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр