11 12 2019

12 желтоқсан күні сағат 17.00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық суретші Александр Васильевич Гулиннің (1949 – 2015) 70 жылдығына орай ұйымдастырылған кескіндеме және графикалық туындылары көрмесінің ашылуы өтеді.

Экспозицияда 1980-2000 жылдары аралығында портрет, пейзаж, натюрморт және композиция жанрларындағы 90 астам туынды орын тапқан.

Аталмыш туындылардың тақырыбы суретшінің кіндік қаны тамған туған жерімен – Ертіс өңірімен тығыз байланыстырылған.

Павлодар қаласының көшелері мен Ертіс өзенінің тынық сағалары, Екібастұз жұмысшыларының портреттері мен көмір кен орындарының панорамдық көріністері, кең дала мен алқаптық шабындықтар, жыл мезгілдеріндегі табиғаттың көріністері сияқты туындылар қылқалам шеберіне тән лирикалық және байсалдылыққа толы сезімтал мәнерде орындалған.

Көрмедегі шығармаларға алғаш қарағаннан-ақ суретшінің өзіндік дара кескіндемелік тәсілі, шығармашылық жұмыстардың сюжеттік желісі, қайталанбас түстер мен бояулар гаммасы бірден сезіледі.

Көрме Павлодар облыстық көркемсурет музейі мен А.Гулин достарының қолдауымен ұйымдастырылып, ай бойы жұмыс жасайды.

Онлайн кім

Қазір 173 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр