25 12 2019 kz2019 жылдың 25 желтоқсанында сағат 17.00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Музейлер шеруі» атты республикалық акциясының аясында ұйымдастырылған «Музейдегі түн - 2019» мерекелік іс-шара өткізіледі. «Музейдегі түн - 2019» облысымыз бен қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын музейге қызығушылығын арттыру мен бос уақыттарын қызықты және тиімді пайдаланулары үшін өткізіледі. Мерекелік акция Павлодар облысы Суретшілер одағының есептік көрмесінің тұсаукесірінен басталады.

Музей қонақтыры мен келушілер үшін Павлодар облыстық көркемсурет музейі «Музейдегі түн - 2019» атты акциясының аясында қызыққа толы бағдарламаларын іске асыратын бірнеше интерактивті шығармашылық алаңдарды ұсынады.

2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғандықтан, бағдарламаның бірнеше блоктарын жас ұрпақ өкілдері дайындайды. Мерекелік бағдарламаны Политехникалық колледж студенттері дайындаған футуристік топтаманының көрсетілімі ашатын болады.

Музей холлында суретшілер, қолөнершілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қатысатын «Кәдесый дүкені» атты көрме-сатылымы жұмыс істейді. Сонымен қатар, іс-шара бағдарламасында Аяз Атамен фотосессия, декупаж және мейкап бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі.

Баршаңызды «Музейдегі түн - 2019» акциясына қатысуға және шынайы мәдени құндылықтарға ие болуға шақырамыз!

Онлайн кім

Қазір 187 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр