alfarabi kzӘл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарды жүзеге асыру аясында Павлодар облыстық көркемсурет музейінде 2020 жылдың 7 ақпанында сағат 15.00-де музей қорынан ұйымдастырылған «Әл-Фараби мұрасына» атты графика көрмесінің ашылуы өтеді. Әл-Фараби тақырыбы-мәңгілік және сарқылмайтын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында баяндалған гуманистік идеялармен үндес. Тек жазушылар мен ғалымдар ғана емес, Әл-Фараби тұлғасын ұғынуға әрекет жасайды. Бұл тақырып өз шығармаларында Орта Азия ғалымы мен ойшылының бай мұрасын ашқан, танымал қазақстандық графикшілер Е. Сидоркин, Б. Пак, В. Поликарповтың туындыларында айқын көрінген.

«Әл-Фараби мұрасына» атты графика көрмесінің басты мақсаты - біздің тарихымыздың қалыптасуы мен дамуындағы ұлт тұлғаларының үлкен рөлін түсіндіреді.

Көрме 2020 жылдың 7 ақпанынан 1 наурызына дейін жұмыс істейтін болады.

Онлайн кім

Қазір 200 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр