13 02 2020

2020 жылдың 13 ақпанында Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай дайындалған «Бір отбасында» көрмесі жұмыс істей бастайды. Экспозицияда түрлі ұлт суретшілерінің 40-тан астам кескіндеме және графикалық туындылары және ұлттық көркем мектептердің ерекшеліктерін көрсететін суретшілер туралы 140-тан астам кітап қойылған.

Ұлтаралық келісім тұрақтылық, елдің табысты экономикалық және саяси дамуының маңызды факторы болып табылады. Біздің еліміздің саясатының негізінде барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтары этникалық және діни тиесілігіне қарамастан теңдік қағидаты жатыр. Ұлтаралық келісім саясатының жолсеріктерінің бірі Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады.

«Бір отбасында» көрмесінде Қазақстан, Татарстан, Грузия, Армения, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Украина, Белоруссия, Корея және т.б. суретшілерінің жұмыстары ұсынылады.

Музей коллекциясынан жиналған шығармалар осы мемлекеттердің ұлтаралық байланыстарының тереңдігін көрсетеді. Сонымен қатар, жұмыстар ерекше өзіндік сипатқа ие. Көрме қандай да бір ұлттық және діни айырмашылықтарға қарамастан, барлығымыз ортақ отбасында өсіп келе жатқанын тағы да еске салады.

Экспозиция 2020 жылғы 13-28 ақпан аралығында жұмыс істейтін болады.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр