IMG 4503

Бүгінгі күні мектеп ЮНЕСКО Халықаралық Федерация Клубының филиалы, бұл ұстаздардың кәсіпқойлығы және шәкірттердің шығармашылық бастамасының мүмкіндігі жоғары екендігін көрсетеді. Мектепті сауатты маман, жақсы ұйымдастырушы Магзамова Ляйля Мукарамовнабасқарады. Балалар көркемсурет мектебі тәрбиеленушілері облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың жүлдегерлер.

Подробнее...  

18 09 2019 kzКөрменің тұсаукесері 2019 жылдың 20 қыркүйек күні сағат 16:00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде өтеді.

Балалар көркемсурет мектебі 1979 жылы құрылған. 40-жылдың ішінде қиын да, қызықты жолдарды басынан өткізді. Оқып жүрген жас суретшілерінің саны әр жыл сайын өседі. Қазір мектепке 600 шамасында оқушы қанағатпен қатысады, соның ішінде «Бүлдіршіндер елі» өнерстудиясының балалары 4 жастан бастап шығармашылық дамытуда.

Подробнее...  

12 09 2019

2019 жылы 12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан өнер музейінде Павлодар облыстық көркемсурет музейі «Қасиетті жерлерге саяхат» көрмесін ұсынылды. Бұл көрме халықтың патриотизмі мен ұлттық рухын нығайтуға бағытталған Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жанғыру/Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асырудың жарқын мысалы болып табылады.

Подробнее...  

06 09 2019

Ә. Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Алматы қаласы) Павлодар суретшілер одағының «Ертіс-Баян маржандары» атты көрмесі ашылады. Көрмеде 19 суретші қатысады. Экспозицияда 50-ден астам кескіндеме, графикалық туындылар, зергерлік әшекейлер мен паннолар ұсынылады.

Подробнее...  

26 08 2019

2019 жылдың 28 тамыз күні сағат 16.00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Ресей фотосуретшілері Одағының мүшесі, Славян орталығының басқарма мүшесі, көптеген көрмелер мен конкурстардың лауреаты, павлодарлық фотосуретші Александр Васильевич Пархоменконың «Замандастар» атты фото көрмесінің ашылуы өтеді. Оның жұмыстары көптеген экспозицияларға қатысып, Югославия, Чехословакия, Германия, Болгария, Испания, Франция, Аргентина, Венгрия, Польша елдерінде өткен экспозияда жұмыстары жоғары бағаға ие болып, марапатталған.

Подробнее...  

22 08 2019

Павлодар облыстық көркемсурет музейі 55 жылдық мерейтойына арналған қор коллекциясынан көрмелер топтамасын жалғастыруда. «Образдардағы тарих» көрмесі 19 автордың 27 кескіндеме және мүсін туындысын ұсынады. Аталмыш көрме көрермен үшін өте қызық болады. Себебі классикалық портреттер, натюрморттар мен пейзаждар абстрактілі авангард жұмыстарымен ұштасады. Ұсынылған шығармалардың авторлары ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Мәскеу мен Ленинградтың көркем оқу орындарында академиялық білім алған.

Әр суретші - бұл өнердегі жеке тұлға. Әркімнің академиялық білімі болды, сонымен қатар өнерде де әрқайсысының өзіндік жолы салынған.

image90

«Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде және Жастар жылы аясында бейнелеу және сәндік – қолданбалы өнердегі жас авторлардың
«Жас Толқын – 2019» Республикалық байқауын өткізу ережесі

Байқаудың мақсаты:

  1. Жарқын және талантты жас суретшілерді анықтау.
  2. Бейнелеу өнерін насихаттау және Қазақстан өнерінің үздік дәстүрлерін сақтау.
  3. Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді нығайту және этика-эстетикалық құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
  4. Жас суретшілердің кәсіби деңгейін арттыру және шығармашылық өсуін көтеруді ынталандыру.
  5. Қазақстанның заманауи бейнелеу өнерін және жас суретшілердің шығармашылығын қолдау.
  6. Өскелең ұрпақты көркем шығармашылық жанрына баулу.

Подробнее...  

1563381600 4 11Павлодар облыстық көркемсурет музейі Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Қазақ халқының бейматериалдық мәдени мұрасы» атты фотокөрмесі ашылды.

Қазақстанның бейматериалдық мәдени мұрасы, ұлттың негізін құрап, ұрпақтан- ұрпаққа келе жатқан рухани байланысты бекітеді.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр