05 02 2019

2019 жылы 1 ақпаннан бастап Павлодар облыыстықкөркемсурет музейінде «Архитектуралық бейнелер» атты көрмесі ашылды. Экспозицияға Алматы, Астана, Карағанды, Мәскеу, Санкт-Петербург, Одесса, Киев, Тбилиси қаласы суретшілерінің 80 кескіндемелік туындылары ұсынылған.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан мәдени мұрасы киіз үйдің құрылысы мен бейнесін С.Чуйков, М.Кенбаев және Б.Урманче жұмыстарында көрерменге ұсынды. С.И.Калмыковтың 1940 жылдары орындаған Абай атындағы опера және балет театрының архитектуралық пейзажын қарастырып, В.П.Батуриннің туындысынан Л.Н.Толстойдың Ясная Полянадағы ескі орыс үйінің көркемсурет бейнесін  тамашалауға болады. Көрмеде Мәскеу, Санкт-Петербург, Париж, Стамбул, Дуррес, Бұхара, Алматы мен Астана қалаларының көшелері бойымен жүріп өтіп, саяхаттауға үлкен мүмкіндік.

Аты аңызға айналған «Арбаттағы Пушкиннің үйі» атты  Ресей халықсуретшісі Н.Нестерова  Пушкиннің үйі туралы бейнеледі (1987). Сүйіктісі Н.Гончаровамен некелескеннен соң осы үйде тұрып, лирикалық мәнде жүректен орын алатын ізгі «Мадонна» атты туындысын осы үйде жарыққа шығарды.

Қазақстанның халық суретшісі  Сахи Романовтың «Алматыдағы цирк» (1973) туындысы алматылық цирктің құрылысын айқындайжы. Ғимараттың құрылысы 1970 жылдары бетоннан құйылып, үлкен күмбезі темір мен шыныдан жасалған. Бұл Алматыдағы ерекше құрылыс нышандардың бірі.

Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 2019 жылдың 1 ақпан - 4 сәуір аралығында тамашалай алады.

Онлайн кім

Қазір 339 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр