11 02 20192019 жылдың 12 ақпан күні сағат 15.00-де  Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Дизайн мен өнердегі жаңашылдық IV» көрмесінің ашылуы өтеді.

 «Дизайн мен өнердегі жаңашылдық IV» көрмесі Инновациялық Еуразиялық Университетінде өткізілген ғылыми - тәжірибешілік конференцияның бір бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған логикалық және сындарлы ойдың ұсынысын іске асыруда бірнеше міндеттемелерді алға қойды.

Көрмеден түрлі техника мен жанрдағы, тіпті  күтпеген жұмыстарды аңғаруға болады. Кескіндеме, жазу таңбалары, фотосуреттермен қоса студенттердің дизайн – жобалары да қойылды.

Дизайн – бүгінгі таңда ең маңызды шығармашылық жұмыс. Ол өзіне  инженердің ғылыми-негізделген ойын және шығармашылық шарықтауын өте үйлесімді келістіреді. Дизайн философиялық идеяларға, тұжырымдамаларға негізделген.Оны сәулет пен мүсін өнерінен бөліп қарауға болмайды. Көрменің мақсаты – дизайн мен өнерде барлық нәрсенің үзіліссіз қозғалыста болатындығын көрсету, яғни жаңа мен ескінің арасындағы күрес, жаңалықты енгізу қажеттілік екенін таныту. Дизайн мен өнердің ұқсастығы ,міне, осында. Тағы да бір маңызды болып табылатын нәрсе – ол – көрме – автордың тұлғасын таныту. Сондықтан қатысушылар санын көбейту маңызды болмақ.

 Көрмеге Павлодар қаласының суретшілері, Жоғары оқу орындары және көркемсурет мектебінің ұстаздары, әуесқой суретшілер, қолданбалы өнер шеберлері, дизайнерлер қатысады.

Онлайн кім

Қазір 344 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр