27 03 2019

2019 жылы 16 наурыз күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Павлодар суретшілерінің «Өмірдің бояулары» көрмесі ашылды. Экспозицияға 20 аса кескіндеме туындылары ұсынылды.

Көрме экспоненттері – ҚР Суретшілер Одағының мүшелері, қалалық шығармашылық бағыттағы педагог-ұстаздары.

Көрмеге Баянауыл өлкесінің әсем табиғаты мен қала көріністері бейнеленген туындылар ұсынылған.

Әрбір суретші туындысында әйел бейнесінде орын тапқан жұмбақ сезім, ішкі жан - дүние сұлулығы мен маңыздылығы, әйел болмысының тереңдігін көрсеткен.

Әр суретші өзіндік бірегей шығармашылық мәнері арқылы қайталанбас жеке дүниетанымын туындыларында көрермендер назарына ұсынады.

Көрме 2019 жылдың сәуір айының соңына дейін жалғасады.

Онлайн кім

Қазір 135 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр