2019 жылдың 4 мамыр күні сағат 16.00-де Павлодар облыстық көркемсурет Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінің ЮНЕСКО клубы түлектерінің «Шабыт бұлағы» атты көрмесі «Шабыт бұлағы» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Көрменің басты мақсаты балаалар бейнелеу өнерін дамыту мен насихаттау, жас ұрпақты әсемдікке баулып, эстетикалық сезімдерін тудырумен қатар жас суретшілердің шеберлік пен кәсіби деңгейлерін арттыру. Көрменің қатысушылары: Крачковская Анастасия (ұстазы - Абишева Сауле Ивановна); Лаптева Анна, Супрунова Карина, Беспалая Екатерина (ұстазы - Рейн Светлана Евгеньевна); Басок Екатерина, Ауганбаева Карина (ұстазы - Ахметжанова Татьяна Васильевна); Братченко Ангелина (ұстазы - Бамбуляк Анжела Николаевна); Молчанова Виолетта, Пшенко Алина, Касенкова Есения (ұстазы - Сидоренко Оксана Валерьевна).

Көрмеге ұсынылған туындылар Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінде шәкірттерге үйретіліп оқылатын бейнелеу өнері саласындағы техникалардың алуан түрлілігімен таныстырады. Жеңіл әрі жарқын батиктер, көп еңбекті қажет ететін күрделі жүннен басумен қатар майлы бояу, акварель мен акрилмен орындалған кескіндемелік туындылар және графикалық суреттер. Экспозицияда 50 астам шығармашылық туынды көрсетілген. Бұл көрмеде Павлодар қаласы Балалар көркесурет мектебінің ұстаздары мен оқушыларының көп жылғы еңбегі көрініс тапқан. Көрменің мақсаты көрерменге қуаныш пен эстетикалық әсер сыйлаумен қоса философиялық ой толғаныстарға жеткізу.

Бұл көрмеде Павлодар қаласы Балалар көркесурет мектебі педагогтері мен оқушыларының көп жылғы еңбегі көрініс тапқан. Көрменің мақсаты көрерменге қуаныш пен эстетикалық әсер сыйлаумен қоса философиялық ой-иірімдеріне итермелеуі әбден мүмкін.

Онлайн кім

Қазір 349 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр