NBUF9709

4 мамыр күні сағат 16.00-де  Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Шабыт бұлағы» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 

Көрменің қатысушылары — Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебі -

ЮНЕСКО клубының түлектері.

«Жастар» атты музелік жобасы шеңберінде ұйымдастырылған көрме балалар мен олардың ата – аналарына, көркемөнер саласындағы білімдері мен ой – ерекшілігін кеңейтіп, облысымыздағы дарынды балалардың шығармашылығының мүмкіндіктерін дамыту үшін бағытталған.

Патриотизмге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, рухани құндылықты нығайту, Павлодар облысындағы туристік кластерді дамыту - көрменің басты мақсаты болып табылады.

Экспозицияға 50 жуық әр түрлі жанрда орындалған туындылар қойылды. Қатысушылардың жас ерекшеліктері 12 және 17 жас аралығында. Көрменің  қатысушылары  ұлттық нақыш пен заманауи бағытта әр түрлі жанрда  орындалған туындыларды көрермен назарына ұсынды.

Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 2019 жылдың 4 - 28 мамыр аралығында тамашалай алады.

Онлайн кім

Қазір 362 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр