IMG 29792019 жылдың 10 мамырында сағат 11-00 Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне орай «Бейнелеу өнеріндегі Ұлы Отан Соғысы» атты көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

30 көлемді кескіндемелік туынды мен 7 мүсіндік композициядан тұратын экспозиция көркемсурет музейінің үлкен залында орналасқан. Ұлы Отан Соғысына қатысқан майдангер-суретшлер П.И. Реченский, И.П.Рубан, В.И.Переяславец, И.Я.Стадничук, А.Молдабеков, М.А.Асламазянның туындылары көрмеде орын тапқан. «Жол алдында» (Мартынцев В.М., 1941 ж.), «Партизандарды шығарып салу» (Бортников А.И, 1943 ж.), «Құдық басында» (Орлова В.А., 1942 ж.), «Жеңіспен оралындар!» (Урманче Б.И., 1942 ж.) сияқты шығармашылық туындылар соғыс жылдары орындалған болатын.

Соғыстың  әсерінен туған сезімдерін мен ой-толғаныстарын кенеп бетіне бейнелеген суретшілердің туындылары аса құнды. Осындай кескіндемелік туындылар көрермендерде тарихи шынайылық пен деректілік сезімін тудырады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеу, Ленинград және украиналық қалалардан Қазақстанға көптеген суретшілер көшірілді. Экспозицияда Жеңіс үшін майданда ерлікпен аянбай шайқасқан жауынгерлер мен тылда еңбек еткен жұмысшылар мен шаруалар, зиялы қауымды суреттейтін портреттер, жанрлық сценалар, тақырыптық композициялар орын тапты. Майдан басында соғысқан көптеген суретшілер Отан үшін жанын қиды.

М. Айнеков, А. Карибаев, П. Куценко, В. Мартынцев, С.Шаронов, А. Молдабеков, Б.Малуев сияқты соғыстың ауыртпалығын бастан кешкен майдангер-суретшілер мен соғыстан кейін шығармашылық ете бастаған кескіндемешілердің туындылары әскери оқиғалармен қатар ауыр соғыс жылдарындағы балалық шақтарындағы естеліктерін, майдангер әкелері мен аталары баяндаған әңгімелері, соғыс туралы кітаптар мен кинофильмдерден алған әсерлері суреттелген. Жауынгерлердің майдандағы ерлік пен батылдығын, соғысқа аттанған әкелері мен ағаларының орнына тылдағы өндірісте станоктарда, тракторлар мен машиналарда ауыстырған қарттар, әйелдер мен балалардың ерең еңбегін шынайылықпен суреттеп бейнелеу сияқты міндет суретшілердің алдында қойылған болатын. Суретшілердің шығармашылық туындылары адамдарды майдан мен тылда рухтандырып жүрегіне күш берген.

Музейлік экспозицияның екінші залында «Павлодарлық суретшілер - Ұлы Отан Соғысының ардагерлері» атты көрмесі музейге келушілердің назарына ұсынылып отыр. Көрмеде майдангерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, біздің жерлестеріміз суретшілер И.Лагутин, М.Колмогоров пен И.Виноградовтың 67 кескіндемелік және графикалық шығармашылық туындысы көрсетілген. Соғысқа ерлікпен қатысқан павлодарлық суретшілер майдан басында шайқастар мен ұрыстар аралығындағы тыныштық кезеңдерінде естелік ретінде салынған бір сапта әскери борышын өтеген достары мен жарақатардан госпиталда бірге емделген сарбаздардың портреттері, майдандық этюдтер мен суреттермен қатар соғыстан кейінгі уақытта орындалған шығармашылық туындылары көрмеде орын тапты.

Көрменің басты мақсаты келешек ұрпақтың бейбіт өмір сүруі үшін жан аямай шайқасып, қанды соғыста қатыгез жауды жеңген ержүрек, батыл сарбаздарымыз бен тылда жеңіс үшін күні-түні тер төгіп  еңбек еткен аналарымыздың ерліктерінің мадақтап, халқымыздың даңқты тарихын үлгі ретінде өскелен ұрпақтың дүниетанымында Отанға деген махабат пен патриоттық сезімдерді баулып қалыптастыру.

Онлайн кім

Қазір 353 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр