IMG 30812019 жылдың 17 мамыры Халықаралық музей күні аясында Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Шығармашылық элементтері» атты жыл сайынғы «Музей түні-2019» акциясы өтті.

«Музей түні-2019» мекерекелік акцияның мақсаты – Павлодар облысының музейлері мен мәдени мұрасын насихаттау; балалар мен жастарға отансүйгіштік, рухани-адамгершілік және мәдени-ағартушылық тәрбие беру; әртүрлі жастағы көрермендер мен түрлі әлеуметтік топтартағы келушілерді тарту; келушілермен жұмыстың жаңа нысандарын әзірлеу.

Павлодар облыстық көркемсурет музейі акция аясында шығармашылықтың түрлі элементтеріне арналған мазмұнды бағдарлама сәндік-қолданбалы өнер, музыка, театр, заманауи би ұсынылған болатын.

2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғандықтан, бағдарламаның бірнеше бөлімдерін жастар ұйымдастырады. Мерекелік бағдарлама Политехникалық колледж студенттерінің «Элементтер» коллекциясын тамашалаудан басталған болатын. Бұл коллекция Д.Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесі ашылуының 150 жылдығына арналған болатын.

Сонымен қатар бағдаларламада Сервис және қызмет көрсету колледжі студенттерінің дайындауымен «Көшпелілер» киім коллекциясының көрсетілімі («Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында), жас әншілердің өнер көрсетуі, «Just Fly Crew» көше би студиясының «брейк-данс», «хип-хоп», «popping» бағыттарына арналған өнерлері қамтылған. Жастар бөлімінің көркемдік құрамы – «стрит-арт» стилінде орындалған бейнелеу өнері шығармаларын көрсетілді.

Шығыстың дәстүрлі өнерінің шығыс кестемесі туралы павлодарлық суретші және зергер Ольга Ловинадан мастер-класс көрермендер үшін ұсынылған болатын.

Музей «Өнер баршаға ортақ» ұранымен мүгедектерге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Альрами» клубы үйінің тәрбиеленушілері ашық көрме өткізіп, өздерінің қазіргі заманға деген көзқарастарын таныстырды.

Театр бөлімінде «Луч» театр-студиясының оқушылары жазушы және сценарист Юрий Яковлевтің жасөспірімдер мен жастарға арналған «Терезе» шығармасынан үзінді сахналанды.

Музей холлында суретшілер, қолөнершілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен «Кәдесый дүкені» көрме-сатылымы жұмыс істеген болатын. Сонымен қатар холлда суретші-портретшілердің қатысуымен арт-алаң жұмыс істеді.

Онлайн кім

Қазір 54 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр