20 05 2019 2Павлодар облыстық көркемсурет музейінде 2019 жылдың 21 мамыр күні сағат 16.00-де Қазақстан мен Ресейдің халықаралық ынтымақтастығы аясында «Жабайы әлем» фотокөрмесі ашылады. Экспозиция Дүниежүзілік биологиялық алуан түрлілік күніне арналған. Адамдар өз планетасына немқұрайлы қарайды, оның ресурстарына тұтынушылық іс-әрекеттері қайғылы салдарларға әкеліп соқтырады. Биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы өсімдіктер мен жануарлар үшін ғана емес, адамзат үшін де қауіпті.

Бұл көрменің мақсаты-экологиялық жағдай туралы ойланып, оны жақсарту үшін шаралар қабылдау. Экспозиция жабайы табиғатқа жаңаша қарауға, оның сұлулығын түсінуге, оны болашақ ұрпақ үшін алғашқы түрде сақтаудың маңыздылығын жеткізуге көмектеседі. «Жабайы әлем» фотокөрмесі - жабайы табиғаттың қорық бұрыштары бойынша нағыз жолсілтеме, біздің ғаламшарымыздың географиясы мен биоалуантүрлілігі бойынша балалар мен ересектерге арналған көрнекі құрал.

Бірегей фотосуреттер адамның аяғы сирек болатын жерде виртуалды болуға, жойылып кету қаупі бар жануарлар дүниесінің сирек мекендеушілерімен бетпе-бет кездесуге көмектеседі. Фотокөрменің арқасында көрермендер жабайы табиғаттың сұлулығымен, арктикалық аралдармен, тау шыңдарымен, таза көлдермен, тайга және шексіз даламен таныса алады.

Экспозицияда Ресей фотограф-натуралистерінің 46 бірегей жұмыстары ұсынылған. Көрме 2019 жылдың 22 мамырынан 17 маусымына дейін жұмыс істейтін болады.

Онлайн кім

Қазір 384 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр