10 06 2019

Павлодар облыстық көркемсурет музей қорынан ұйымдастырылған «Топтама маржанжары» атты кескіндеме және графика көрмесі ашылды. Экспозицияда ХХ ғасырдың әр жылдары авторлардың жасаған 70-тен астам туындысы ұсынылған.

Қазақстанның бейнелеу өнері қысқа мерзімде қалыптасу, даму және жоғары кәсіпқойлыққа қол жеткізу жолынан өтті. Аталмыш көрмеде Ә.Қастеев, А.М.Черкасский, В.Эйферт, Г.Исмаилова, Ж.Шарденов, Н.-Б.Нұрмұхаммедов, Ш.Сариев, А.Ғалимбаева, С.Мамбеев, Е.Тулебаев және т.б. суретшілердің жұмыстарымен танысуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар бұл көрмеде ең қызықты авторлардың мүсіндік композициялары да үйлесімді өз орындарын тапқан, мысалы: Ядринцев Л.Т., Момышев С.С., Рапопорт В.С., Рахманов В.Ю. және т.б.

ХХ ғасыр суретшілерінің шығармашылығы ресми бағдарламалар шегінен шығып, өз эстетикасын құрып, даму тарихының көкжиегін кеңейте түскен.

Көрмені 2019 жылдың тамыз айының соңына дейін тамашалауға болады.

Онлайн кім

Қазір 60 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр