19 06 2019

Ұлттық домбыра күніне арналған мәдени-бұқаралық іс-шара аясында Павлодар облыстық көркемсурет музейінде қазақстандық және павлодарлық суретшілердің «Әуезді дыбыстар бояуға үндесіп» атты көрмесі ашылды.

Экспозицияда казақ ұлттық фольклорының көрнектілігін көрсететін суреттер, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспабы - домбыраға арналған кескіндемешілердің жұмыстары қойылған. Экспозицияда домбыра әлемінің тарихы мен эволюциясы туралы әңгімелерді бейнелейтін шығармаларды кездестіруге болады. Бұл музыкалық аспап қазақ халқының өмірінде ерекше орын алады және елдің тарихы мен мәдениетін бейнелейді. Домбыраның дыбысы арқылы тау мен бұлақтың, дала мен орманның – жалпы табиғат үнін естуге болады.

Көрмеде қазақ халқының дүниетанымының көрінісі ретінде қазақ музыкалық өнері негізгі себеп болған Т.Төлеевтің, К. Баймулдиннің, А. Игембаевтың, У. Ажиевтің, И. Исабаевтың, М. Қисамединовтың, Е. Сидоркиннің көркем және графикалық жұмыстары, сондай-ақ М. Әбілқасымовтың, М. Бекетовтың мүсіндік композициялары қойылған. Экспозицияда қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен ықпал еткен көрнекті халық музыканты, композитор, домбырашы, күй авторы Құрманғазы Сағырбайұлының ұлы бейнесін ашатын М. Кенбаев пен Т. Тоғысбаевтың жұмыстары орталық орынға ие болды.

Қазақстанның алғашқы кәсіби суретшілерінің бірі Г. Ысмайылованың шығармасында атақты күйлердің авторы және орындаушысы, Құрманғазының шәкірті – Дина Нұрпейісованың портреті ұсынылған, ол «Бұлбұл», «Әсем қоңыр», «Байжұма» және «Жігер» сияқты танымал күйлердің авторы.

Павлодар суретшісі К.-Г. Қаржасовтың «Мұра» жұмысында жерлесіміз – қазақ халық ақыны, әнші және композитор Иса Байзақов берген ұрпақтардың бай тәжірибесі көрсетілген. Сондай-ақ картина авторы қазақтың халық әндерін домбырамен сүйемелдеп орындайтын.

Бұл экспозиция – әрбір жеке алынған шығармада, сондай-ақ олардың жиынтығында – Азияның орталығында орналасқан елдің өзіндік ерекшелігін айқындайтын Қазақстан тарихының, оның халқының, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың рухының көрінісі болып табылады. «Әуездегі дыбыстар бояуға үндесіп» атты көрмесі қазақ ұлттық мәдениетіне, қазақ халқының бай музыкалық мұрасына деген құрмет сезімін тәрбиелеуге арналған.

Аталмыш көрме ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» («Дала фольклоры мен музыкасына мың жыл») атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Көрме 15 шілдеге дейін жалғасады.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр