10 07 20192019 жылы 12 шілде сағат 16.00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Қала күніне арналған ArtaktiV топ суретшілерінің «Туған қала» пленэрлік жұмыстар көрмесінің вернисажы өтеді. Бес автор жазғы көктемнің алғашқы күндерінен бастап бірлескен шығармашылық жұмыс үшін белсенді топқа қосылды.

Барлық суретшілер – оқу орындарының көркемөнер бағытының оқытушылары. Қала біреуіне балалық шақтың естелігі болса, ал біріне өмірінің тағдырына тұспа-тұс келеді. Барша жанды біріктіретін бір-ақ нәрсе – ол шабыт сыйлайтын әсем қала. Әрбір адам бұл қалада өз өмірінің тарихын жазады. ArtaktiV тобының суретшілері Туған қаланың тарихы мен дәстүрлерін қастерлейді және бағалайды, үлкен сүйіспеншілігімен Павлодар қаласының «шежіресін» бейнелейді.

Көрмеде 50-ден астам көркем туындылар ұсынылған. Көрме 2019 жылдың 7 тамызына дейін жұмыс істейді.

Онлайн кім

Қазір 29 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр