1563381600 4 11Павлодар облыстық көркемсурет музейі Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Қазақ халқының бейматериалдық мәдени мұрасы» атты фотокөрмесі ашылды.

Қазақстанның бейматериалдық мәдени мұрасы, ұлттың негізін құрап, ұрпақтан- ұрпаққа келе жатқан рухани байланысты бекітеді.

Қазақстанның бейматериалдық мәдени мұрасы ерте заманнан қалыптасқан, сонымен қатар қазақ елінің дүниетанымын жан-жақты жетілдіреді. Фотокөрмененің негізгі мазмұны - қазақ халқының ұлттық салт дәстүрін, сәндік - қолданбалы өнері, халық ауыз әдебиеті, музыка жанры, ұлттық ойындар және спрот ойындарының сан алуан түрлерін қамтыған.

Экспозицияда ұсынылған жұмыстар қазақ халқының ежелден келе жатқан салт- дәтүрлерін айқын көрсетеді. Ол ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлеріміз: «шілдехана», «қырқынан шығару», «тұсау кесу», «тілашар», «жас жұбайларға бата беру».

Фотосуреттердің басым бөлігі қазақ халқының сәндік – қолданбалы өнеріне арналған – күнделікті үй тұрмысында, киіз үй жабдықтарында және өзіне тән ұлттық ою-өрнекпен әшекейленген эстетикалық мәні бар заттар (ши тоқыма, текемет кілемдер, түскиіз, құрақ көрпе).

Қазақтың халық ауыз әдебиеті және музыка өнері эпикалық, тарихи, тұрмыстық және ертегі тақырыптарында сансыз туындылардың түрлері бар. Атадан балаға келе жатқан суырып салма ақындар мен жыраулардың ауызекі сөйлеу өнеріне арналған суреттер экспозицияның басты бөлімі болып табылады. Экспозицияға 20 - ға жуық фотосурет қойылған.

Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 2019 жылдың қыркүйек айының ортасына дейін тамашалай алады.

Онлайн кім

Қазір 27 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр