22 08 2019

Павлодар облыстық көркемсурет музейі 55 жылдық мерейтойына арналған қор коллекциясынан көрмелер топтамасын жалғастыруда. «Образдардағы тарих» көрмесі 19 автордың 27 кескіндеме және мүсін туындысын ұсынады. Аталмыш көрме көрермен үшін өте қызық болады. Себебі классикалық портреттер, натюрморттар мен пейзаждар абстрактілі авангард жұмыстарымен ұштасады. Ұсынылған шығармалардың авторлары ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Мәскеу мен Ленинградтың көркем оқу орындарында академиялық білім алған.

Әр суретші - бұл өнердегі жеке тұлға. Әркімнің академиялық білімі болды, сонымен қатар өнерде де әрқайсысының өзіндік жолы салынған.

Онлайн кім

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр