26 08 2019

2019 жылдың 28 тамыз күні сағат 16.00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Ресей фотосуретшілері Одағының мүшесі, Славян орталығының басқарма мүшесі, көптеген көрмелер мен конкурстардың лауреаты, павлодарлық фотосуретші Александр Васильевич Пархоменконың «Замандастар» атты фото көрмесінің ашылуы өтеді. Оның жұмыстары көптеген экспозицияларға қатысып, Югославия, Чехословакия, Германия, Болгария, Испания, Франция, Аргентина, Венгрия, Польша елдерінде өткен экспозияда жұмыстары жоғары бағаға ие болып, марапатталған.

Көрме «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыруда ұйымдастырылды.

Экспозиция Павлодар Ертіс өңірі тұрғындарының 100-ге жуық портреттері ұсынылады. Аталмыш көрмеде автордың айналасындағы жас баладан тақиялы қарияға дейін оларға деген өзіндік көзқарасын көруге болады. Экспозицияда көрсетілген жұмыстар әр уақытта дүниеге келтілірген: пленкалы фотоаппаратпен де, сандық камерамен де жасалған, ақ-қара түсті, түрлі түсті фотосуреттерді кездестіруге болады. Іздеу-фотосуреттері мен тақырыптық фотосуреттерді де экспозицияда берілген. Экспозициядағы жұмыстар жарқын бояулармен өзіне көрерменді тартады.

Көрме 2019 жылдың 15 қыркүйек айына дейін жалғасады.

Онлайн кім

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр