«Дизайн мен өнердегі жаңашылдық – 3» көрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-02-01

2017 жылдың 2 ақпан күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Дизайн мен өнердегі жаңашылдық» атты көрменің ашылуы өтті. Көрмеде қаламыздың жас дизайнерлері мен ИнЕУ колледжі студенттерінің 56 авторлық туындылары көрермендер назарына ұсынылады. Экспозицияның негізін  қала көріністері, ғимарат макеттерінің дизайнерлік жобаларымен қатар шығармашылық паннолар, техникалық аппараттар құрайды. Көрме қаңтар айында ИнЕУ-де өтетін халықаралық студенттік конференция және көрмелік жобаның аясында музейде көрсетіліп, 2017 жылы маусым айында ЭКСПО-2017 орай ұйымдастырылатын «Ойын жарығы» атты көрмесіне дайындық ретінде өткізіледі.

Автор: О.Пашко