Павлодарлық суретші Бота Машраповтың дербес мерейтойлық көрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-02-01

2017 жылдың 9 ақпан күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық суретші Бота Қабыкенұлы Машраповтың 65 жылдық мерейтойына арналған дербес көрмесінің ашылуы өтті.

Машрапов Бота Қабыкенұлы 1952 жылы 1 қаңтарда дүниеге келді. Алматы театралды-көркемсурет институты, қазіргі Т.К.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын тәмәмдады (1978-1983). Мүсінші, дизайнер, кескіндемеші, сызбашы. 1992 жылдан бастап ҚР суретшілер Одағының мүшесі. Бота Қабыкенұлы Машрапов түрлі жоспарлы суретші. Кескіндемемен шұғылданады, музейлер, мектептер, клубтарға қызықты интерьер үлгілерін жасайды. Суретші – айтулы үлкен мерекелік шаралардың безендірушісі болып та жұмыс жасайды («Семей-Невада», «Халыққа-деңсаулық», Астана қаласындағы «Этноауыл»). Суретшінің негізгі әуестігі – мүсін өнері болып табылады. Ертіс өңірінің атақты тұлғаларына арналған 20-ға тарта ескерткіштері мен бюсттері бар. Олардың ішінде – ауған соғысының құрбандары және Антон Павлович Чеховқа арналған ескерткішті айтуға болады. Көмекшілерімен бірге қыс мезгілінде мұз қалашықтарды салып келеді. Бүгінгі күні, суретші көрермендеріне өткенге көз салатын және соңғы жарық көрген жаңа туындыларын тамашалауға ұсынып отыр. Бұл көрме суретшінің 65 жылдық мерейтойы мен шығармашылық жолының 45 жылдығына ора йұйымдастырылған.

Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 2017 жылдың 9 ақпанынан 9 наурызға дейін тамашалай алады.

Автор: Хусаинова М.