Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Анамның мерекесі» атты балалар суреттерінің көрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-03-03

2017 жылдың 6 наурыз күні сағат 11.00-де Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Анамның мерекесі» атты балалар суреттерінің көрме-байқауының ашылуы өтеді.

Көрменің қатысушылары – «Икем» көркемсурет студиясының оқушылары және №21, №33, №51,  №120 қалалық бала бақша бүлдіршіндері. Көрмеден өңіріміздің талантты шығармашыл жас жеткіншектердің біліктіліктерін бағалау музей жұмысының бастысы болып табылады.

Экспозицияға 60 - қа жуық сурет қойылған. Жас ерекшеліктері 4 пен 16 жас аралығында.

Көрме  2017 жылдың 12 наурызына дейін жұмыс жасайды.

Автор: Э.Арынова