Павлодарлық суретші Павел Григорьевич Лысенконың еске алу көрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-03-10

2017 жылдың 10 наурыз күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық суретші Павел Григорьевич Лысенконың еске алу көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге суретшінің 70-тен астам ең үздік деген шығармашылық туындысы ұсынылып отыр.  

Павел Григорьевич Лысенко 1928 жылы Алтай өлкесінің Селиверстов ауылында дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде тәмамдады. Ұстаздары арасында - профессор А.М.Черкасский болды. 1968 жылдан бастап суретшілер Одағының мүшесі, 2011 жылдан бастап ҚР көркем Академиясының Академигі, 2014 жылы ҚР «Құрмет» орденімен марапатталған.

Павел Григорьевич Лысенко Павлодар қаласында  1978 жылдан бастап өмір сүріп шығармашылық етеді. Қаламыздың бірінші көркемсурет мектебінің ашылуына ат салысты. 1979-1985 жылдары арасында өнеркәсіп орындарында суретші-безендірушілер мектеп-студияларында сабақ берді, қаламыздың мектептерінде бейнелеу өнері мұғалімдері үшін семинарлар жүргізіп білімімен бөлісті. 1979 - 1981 жылдары арасында Павлодар қаласының көркемөнер өндірістік шеберханаларының көркемсурет кеңесінің басқарушысы, кейінгі жылдары оның белсенді қатысушысы болды. Кескіндеме өнерінің шебері өмірінің жарты ғасырдан астам уақытын өнерге қызмет етумен өткізді. Республикалық, облыстық, аймақтық көрмелерінің қатысушысы.

            Шығармашылық туындылары Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер музейінде (Алматы қ.), Павлодар облыстық көркемсурет музейінде, Қостанай қаласының көрме залында, Германия және АҚШ елдеріндегі жеке жинақтарда сақтаулы.

Автор: О.Пашко