Павлодарлық суретші Г.Беспалованың мерейтойлық дербес көрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-03-18

2017 жылдың 18 наурыз күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық суретші Г.Я.Беспалованың мерейтойлық дербес көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде 60-тан аса кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнер туындылары көрсетілген.

1969-1973 жылдары Алматыдағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесінің педагогикалық – кескіндеме бөлімінде сабақ алады. Суретші 1977 жылдан бастап жарнамалық-ақпараттық бюросында жұмыс істеді. Ол №1 балалар көркемсурет мектебінің негізін салушылардың бірі болды, ол әр жылдарда көркемсурет колледжінде балалар академиясында еңбек етіп, жеткіншектерді қылқалам өнеріне 30 жыл бойы тәрбиеледі. ҚР суретшілер Одағының мүшесі, 1977 жылдан бастап облыстық, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысты. Ол павлодардан шыққан белгілі адамдар портреттер топтамасын жазып, сол үшін Павлодар қаласы әкімінің сыйлығымен марапатталды. 2005 жылы Алматы қаласында «Окрыленная женщина – 2» атты халықаралық көрмеге, 2006 жылы Астана қаласында «Арқа аруы» атты павлодар әйелдер-суретшілер көрмесіне қатысты. Жеңіл ашық түсті, батыл композициялық варияциялары «Жібек жолы» атты әйелдердің жазғы киім топтамасында жүзеге асты. Г.Беспаловаға 2007 жылы Алматыда өткен I халықаралық «Creative world»  дизайнерлер байқауында диплом, сертификат және медаль табыс етілді. Өнер иесі 2005 жылдан бастап Санкт-Петербург, Астана, Алматы қалаларында өткен халықаралық дизайнерлер байқауларының бірнеше мәрте жеңімпазы болды. Ол портрет салумен және батикпен айналысады. Киім дизайнері ретінде бейнетүсірілім және фотосессия режиссері болып табылады. 2016-2017 жж. «Мангашлык» атты жобасының костюмері, суретші сәндеуші.

Суретшінің жұмыстары Қазақстан, Белоруссия, Германия, Ресей, Франция, Түркия, Израильдің жеке топтама қорында сақтаулы.