Қазақстанның Халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың сызба көрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-03-31

2017 жылдың 30 наурыз күні  Павлодар облыстық көркемсурет музейінде  қоюшы-режиссер, кино актері, биші және хореограф, Қазақстанның Халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың музей қорынан ұйымдастырылған сызба көрмесі ашылды.

Әубәкір Ысмайылов  отанының кескіндеме және театр өнерінің даму жолында ұлттық және рухани байлығына үлкен үлес қосқан дарынды тұлғалардың бірі. Павлодар облыстық көркемсурет музейінің қорында суретшінің 31 шығармашылық туындысы сақталуда.  Экспозицияға 1928-1972 жылдар аралығында орындалған 19 сызба жанрындағы туындылар қойылған.

Қазақстанның Халық суретшісі Әубәкір Ысмайылов (1913-1999) су бояу техникасымен жұмыс жасауды жаны сүйген адам. Ол су бояудың ерекше қасиеттерін жете түсіне отырып, әсем дақтары арқылы жұмыстарында нәзіктік пен мөлдірлікті сақтай білді.15 жасынан бастап қазақстандық көркемсурет өнерінің көрмелеріне қатысқан болатын. Мәскеу қаласындағы ЖКСТЕМАС-та, Д.Әбіровтың  авторлығымен «Қазақ халқының ұлттық билері» атты кітабы жарық көрген. М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында (1938-1943), Ғ.Мүсірепов атындағы  Балалар мен жасөспірімдер қазақ театрында (1948-1956) режиссер және қоюшы-суретші болып жұмыс жасады.

Суретші ресейлік және отандық фильмдерінде 30-дан астам рөлдерді сомдаған. Олардың арасында «Көгілдір маршрут», «Тақиялы періште», «Қыз Жібек» сияқты кинофильмдерінде ойнаған рольдері   көпшілікке танымал.

Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 2017 жылдың 30 наурызынан 10 сәуір аралығында тамашалай алады.

Автор: Е.Дубовая