Павлодарлық суретші-педагог Жамкен Серікбаевтың еске алу көрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-04-12

2017 жылдың 14 сәуір күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық суретші-педагог Ж.С.Серікбаевтың еске алу көрмесінің ашылуы өтті. Осы тамаша адамның есімін ата-бабамыз жақсы таниды. Павлодар Ертіс өңірінің мәдениетін көтерген тұңғыш суретшінің бірі болып табылады. Ол 1925 жылы Павлодар облысының Май ауданындағы «Қызыл Кұрама» совхозында дүниеге келді. Сонау 30 жылдары  Жәмкен Серікбаев балалар үйінде тәрбиеленді, ондағы сүйікті ісі - сурет салу болды. Дарынды баланың суреттерін, өңіріміздің өлкетанушысы және фотосуретшісі Дмитрий Поликарпович Багаев байқайды. Суретші болуға осы кісі кеңес береді. Сол жылдары Қазақстан бойынша жалғыз  кәсіби біліктілігі жоғары оқу орны, Алматыдағы  Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесі болды. Жәмкен Серікбаев көркем сурет бөлімінде кәсіби білімін А.М.Черкасский, Н.И.Крутильников, Л.П.Леонтьев, А.М.Бортников  сияқты бетке ұстар керемет окытушылардан алған.  Училищені бітіргеннен кейін, 1951 жылы Жәмкен Серікбаев Павлодарға қайтып оралады. Суретші 30 жылдан астам уақытын ұзтаздық жолға салып, Павлодар  педагогикалық училищесінде «Бейнелеу өнері мен сызу» бөлімінде сабақ береді. «ҚазССР дың үздік ағартушысы» (1974), «КСРО-ның үздік ағартушысы» (1980) ерекше белгілерімен марапатталды. Педагогикалық училищеде суретшінің екі жеке көрмесі өтті. Студенттер оны өте жаксы көрді және олардың алдында оның абыройы беделді болды. Училищенің 50 жылдық мерейтойына орай Жәмкен Серікбаев педагогикалық училищенің тарихына байланысты музей ашты.

Көрмеге Павлодар облыстық көркемсурет музейінің қорынан 60-қа жуық кескіндеме және графика техникасында орындалған туындылар қойылған.