«Павлодар өңірінің эколандшафты» атты көрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-04-15

2017 жылдың 21 сәуір күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Павлодар өңірінің эколандшафты» көрмесінің ашылуы өтті.

 Көрме Павлодар областық көркемсурет музейі мен Павлодар География Үйі, С. Торайгыров атындағы археологиялық ғылыми – зерттеу орталығы және Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи – өлкетану музейінің қатысуымен ұйымдастырылған.

Экспозицияға  танымал  қазақстандық және павлодарлық суретшілер: В. Батурин, Л. Брюммер, А. Черкасский, И. Лагутин, А. Ғалымбаева, П. Величко, А. Дьячков, В. Мартынцев,  М. Колмогоров,  А. Гулин,  Б. Машрапов және т.б. авторлардың музей қорында сақталған 60 – тан астам кескіндеме және сызба туындылары қойылған.

Фотосуретші   Б. З. Краснянский Павлодар өңірінің  1960 – 2000 жылдар аралығындағы ландшафтының көрінісін ұсынды. Сонымен қатар сирек кездесетін құстардың таңғажайып фотосуреттерін  Каримжан Жакенов орындады, ал жәндіктердің макросуреттері Мехмедов Алейсейдің жұмыстары.

Көрмеге  Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи – өлкетану музей қорынан археологиялық және палентологиялық қазбалары көрсетілді. Көрменің геологиялық бөлігін 30 – ға жуық минералды тастар құрады. Жалпы айтқанда экспозицияға 50 – ден астам экспонат кірді. «Павлодар өңірінің эколандшафт» - Павлодар облысының мәдениеті мен экологиясының дамуы және өңіріміздің тарихи маңызды тұжырымдамалық негіздерін сақтайтын жобасы болып табылады. 

Автор: Я.Найденова