EXPO-2017 Халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған «Жарық ойыны» атты көрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-05-29

2017 жылдың 26 мамыр күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Жарық ойыны»  көремесінің ашылуы өтті.

«Жарық ойыны» көрмесі -  бұл  көркемсурет өнері мен  заманау дизайнге деген көрзқарастарын жаңа тенденцияда арттыра түсу, заман ағымына сай ұғымына қарай ашыла білу. Суретшілердің өмірге деген белсенді  көзқарастарын арттыра түсе, көрермен мен қылқалам шеберінің ашық  диалогын айқындайтын үлкен  мүмкіндік.

Экспозицияға 80 - ге  жуық 75 автордың  кесіндеме, сызба, мүсін және сәндік – қолданбалы өнер  жанрында  орындалған туындылары қойылған.

Көрмеге кәсіпқой суретшілермен қатар Павлодар Көркемсурет колледжі, Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты, Инновациялық Еуразия Университеті және   қалалық №1, №2 балалар көркемсурет мектебі қатысты.

Экспозицияда   ЭКСПО 2017 «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы  суретшілердің  сан-алуан шығармашылық жұмыстары ұсынылды.

Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 2017 жылдың 26 мамыр-18 маусым аралығында тамашалай алады.

Автор: Я.Найденова