Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған «Ешқашанда ұмытылмас» атты көрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-05-25

2017 жылдың 30 күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде   Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған Павлодар облыстық облыстық көркемсурет музейі, Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты, П. Васильев атындағы  музей-үйі  және Г. Н.Потанин атындағы  облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлескен «Ешқашанда ұмытылмас» атты көрменің ашылуы мен пресс-конференциясы  өтті.

31 мамыр - жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Айтулы күнге орай  бірлескен көрме ұйымдастырылып отыр. ХХ ғасырда саяси қуғын-сүргін  тарих беттерінің  ең қорқынышты, ең  қайғылы оқиғасы болды. 20-30-шы жылдары  мемлекеттің жазалау саясаты бірінші "кулактарға", ауқатты, орта  шаруаларға тиді.

Көптеген жерлестеріміздің өміріндегі қайғылы беті, тағдыр қасіреті, облыс мемлекеттік мұрағатының құжаттамаларында  ХХ ғасырдың 30-40 және 50 жылдардың басында негізсіз қуғын-сүргінге ұшырағандардың жеке тектік қоры мен  істер құжаттарында  дерек ретінде көрсетілген.

1939-1944 жылдары  тағы бір қуғын-сүргіннің толқыны еврей, поляк, неміс, ингуш, шешен және басқа халықтардың жаппай жер аударуы болды.

Көрмені аяқтайтын саяси қуғын-сүргін құрбандарының тарихи әділеттіліктігін  қалпына келтіру туралы  келесі құжаттар:  1993 жылғы ,14 сәуірден  "Жаппай саяси қуғын-сүргіндерді  оңалту туралы " ҚР 30 желтоқсан күні 1996 жылғы заңы,,N 3299 Қазақстан Республикасы Президентінің "1997 жылы  жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін жылын жариялау туралы" жарлығы, ақталған азаматтардың тізімдері және т. б.  

Музейдің қорынан көрмеге тоталитарлық  тәртіп жылдарындағы  саяси-қуғын сүргінге ұшыраған суретшілердің шығармалары ұсынылды. Экспозицияға16 суретшінің туындылары қойылған. Олардың ішінде: Абрам Черкасский, Леонид Брюммер, Елизавета Говорова, Исаак Иткинд, Владимир Эйферт, Илона Токай, Всеволод Теляковский, Сергей Кукуруза, Павел Реченский  сынды суретшілер Казақстанға қоныс аударған соң  шығармашылық ізденістерінайшықтай бастады.Олар үлкен шығармашылық мұра қалдырған, оқушыларды оқытқан, өнер дамуына үлкен үлес қосты.

Көрмеге  99 кескіндеме, сызба және мүсін жұмыстары қойылған. ХХ ғасырдың 30-шы  және 80-шы жылдар аралығында жұмыстар. Музей қорында қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілердің  214 шығармалары  сақтаулы.

 

 

Автор: Е.Дубовая