Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Алтын айдарлы әтеш» атты балалар шығармашылығының көрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-05-29

2017 жылдың 1 маусым күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Алтын айдарлы әтеш» атты балалар сурет-көрмесінің ашылуы өтті.

Көрменің қатысушылары — №1 Балалар көркемсурет мектебі,  «Жігер»  жасөспірімдер клубы, №2 ЮНЕСКО балалар музыкалық мектебі, № 51балабақша тәрбиеленушілері,  «Икем», «Өркен», «Балшуақ»  көркемсурет студиялары.   

«Жастар» атты музелік жобасы шеңберінде ұйымдастырылған көрме балалар мен олардың ата – аналарына, көркемөнер саласындағы білімдері мен ой – ерекшілігін кеңейтіп, облысымыздағы дарынды балалардың шығармашылығының мүмкіндіктерін дамыту үшін бағытталған.

Көрменің ашылуында концерттік бағдарлама өтті: ән, би және тақпақ нөмірлері. Іс-шараның соңында бүлдіршіндер дипломмен марапатталды.

Экспозицияға 60 жуық әр түрлі жанрда орындалған туындылар қойылды. Қатысушылардың жас ерекшеліктері 5 және 12 жас аралығында. Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 2017 жылдың 1 - 16 маусым аралығында тамашалай алады.