«Мен және менің қоғамым: Еврей қоғамы жастарының көзқарасы» атты фотокөрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-06-08

2017 жылдың 6 маусым күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде  «Мен және менің қоғамым: Еврей қоғамы жастарының көзқарасы» фотоконкурсының қорытындысы бойынша фотокөрменің ашылуы өтті.

Көрмеде әлемнің Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Израиль, Австрия, Үндістаннан сияқты 11 мемлекеттен 94 қатысушысы ұсынған 282 фотосуреттің арасынан көрмеге 50 үздік фотосурет таңдалып қойылған. Әр түрлі елдің және қалалардың жастар қауымының өмірі жарқын және ерекше жақтары көрсетіліп, қаншалықта әр түрлі екенің фотосуреттерден көрінеді. Фотосуреттердің мазмұны – жастардың жылжымалы іс-шаралары, ардагерлермен кездесу, израиль әскерінің қатарында әскери борышты  өтеу жөнінде баяндайды.

Көрме Павлодар облыстық көркемсурет музейінің Қазақстан Халқының Ассамблеясы мен Павлодар қаласының мәдени орталықтарымен мәдени және ғылыми жобаларды дамыту аясындағы бірігіп жұмыс атқарудың қорытындысы ретінде ұйымдастырылып өткізілуде. Көрме 2017 жылдың 12 шілдесіне дейін жұмыс жасайды.

Автор: О.Пашко