Арий Школьныйдың 90 жылдық мерейтойына орай музей қорларынан ұйымдастырылған көрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-08-04

2017 жылғы  28 шілде күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Арий Школьныйдың 90 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды. Арий Георгиевич Школьный – қазақстандық суретші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері.  Ол Қазақстан өнеріне 1950-ші жылдары келген суретшілер ұрпағына жатады. 1957 жылы Алма-ата көркемсурет училищесінде А. Черкасский, Л.П. Леонтьев, А.И. Бортников сынды беделді суретшілерден білім алып тәмамдады.

Автор шығармашылығының негізгі сарындары – халық өмірі мен қазақстанның табиғатында. Школьныйдың шығармашылығында станок кескіндемесінің дәстүрлі тәсілдері мен түстің сәнділігі, желілік ырғағы, алыптықтың синтезі пайда болады. Ал мұның бастауы – қазақ ұлтының  сәндік-қолданбалы өнерінде.

Экспозицияда 1920-шы ж.ж. бастап 1960 ж.ж. аралығында  орындалған кескіндеме және сызбасы  туындылары ұсынылып отыр.

Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 2017 жылғы 1 - 25 тамыз  аралығында тамашалай алады.