«Жастар Арбаты» атты жас павлодарлық суретшілер мен дизайнерлердің көрмесі

Жарық көру уақыты: 2017-08-04

2017 жылғы  30 шілде күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Жастар Арбаты» көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде кескіндеме, сызба, көркемсурет фотографиялар, сонымен қатар қолдан жасалған зергерлік бұйымдар ұсынылған.

Көрме экспонеттері – Павлодар көркемсурет колледжінің студенттері, жас суретшілер мен дизайнерлер, сонымен қатар Павлодар қаласының «ЖТТ» («Жас таланттар тобы»)  шығармашылық ұйымның қатысушылары . көрмеде ұсынылған жұмыстар сюжеттердің әртүрлілігі мен бірыңғайлықпен, пайдаланатын материалдар мен техникасымен ерекшеленеді. Орындау шеберлігінің жоғары деңгейіне, ерекше шығармашылық әдіске, композициялық шешімнің бірегейлігіне, көрме қатысушыларының авторлық ізденісіне ерекше көңіл бөлі қажет.

Экспозицияға 60-тан астам туындылары қойылған. Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары 2017 жылғы 30 шілде мен 20 тамыз  аралығында тамашалай алады.