Экскурсия жетекшісі
Лауазымдық міндеттері:
- экспозициялар, көрмелер, ашық сақтау қорлары мен музей нысандарына экскурсиялар жүргізеді;
- ішкі тәртіп актілері мен әдіскердің ұсыныстарына сәйкес экскурсияларға қосымшалар мен өзгерістер енгізеді;
- экскурсиялар өткізу әдістемесін жетілдіру жұмыстарын жасайды;
- мәдени-ағартушылық іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне, әдістемелік ұсынымдарды даярлауға және экскурсия бойынша ұсынымдар тыңдауға қатысады.
Білуі тиіс:
- Конституцияны;
- Еңбек кодексін;
- "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;
- өз мамандығының ерекшелігін ескере отырып, мәдениет тарихын, этнография мен археологияны, музей ісіне байланысты жетекші материалдарды, ғылыми-ағартушылық жұмыс мәселелері бойынша жаңа зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерді, экскурсия мен дәрістердің тақырыбын, отандық және шетелдік музейлер экскурсияларының, дәрістік жұмыстарының озық тәжірибесін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
1) жоғары санаттағы: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) І санаттағы: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары ІI санаттағы маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) ІІ санаттағы: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
біліктілігі орта деңгейлі маман:
1) жоғары санаттағы: "туризм" немесе "аударма ісі" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) І санаттағы: "туризм" немесе "аударма ісі" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) ІІ санаттағы: "туризм" немесе "аударма ісі" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "туризм" немесе "аударма ісі" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.
Бухгалтер
Лауазымдық мiндеттерi:
- Өнімді мемлекеттiк сатып алу туралы нарықтық зерттеулер жүргізеді.
- Конкурстар, баға ұсыныстарын сұрату, электрондық сатып алу туралы ақпаратты талдауға, ұйым басшылығы үшін конкурстарға қатысу жөнінде ұсынымдар дайындауға, өнім берушілер туралы дерекқорды қалыптастыру және қолдауға, тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізуге, Тапсырыс берушіден конкурстық құжаттаманы, өтінімді алуды жүзеге асыруға, сатып алу іс-шараларына қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады.
- Мемлекеттік сатып алу сайттарына мониторинг жүргізеді.
- Конкурстық комиссияға дайын құжаттарды ұсынады.
- Компания қатысатын конкурстар мен баға ұсыныстарының нәтижелеріне бақылау жүргізеді, компанияға тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы алады, мемлекеттік сатып алу конкурсы туралы алынған нәтижелерді талдайды, қайталама конкурс, баға ұсыныстары туралы ақпарат алады.
- Конкурстық құжаттаманы дайындауға жұмсалатын шығынды айқындауға, әлеуетті өнім берушілер туралы ақпаратты іздеуге өтінім беруге қатысады. Компания әкімшілігінің өкімдері мен бұйрықтарын орындайды.
- Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырады және өткізеді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес құжаттаманы жүргізеді.
- Бюджеттік әкімшімен хат-хабар алмасады.
- Тауар немесе өнімнің белгілі бір түрлерін сатып алу үшін Ережеге сәйкес сарапшылармен консультациялық хат-хабар алмасуды жүргізеді.бюджет қалыптастыруға, өтінім беруге және мемлекеттік сатып алудың жоспарын жасауға қатысады.
- Бекітілген өтінімдерді мемлекеттік органдардың сайттарына өзі береді.
- Конкурстар бойынша шарттарға қол қойылуын, мерзімдердің сақталуын үйлестіреді.
Бiлуге тиiс:
Мемлекеттiк сатып алу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, менеджмент, маркетинг және экономика негіздері, бағаны қалыптастыру әдістері, стратегиясы мен тактикасы, құжаттардың әзiрлеу бойынша компъютерлік технология және бағдарламалық қамтамасыз ету, өңірлік экономикалық саясат, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары..
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.