o nas

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және врхиві ісі басқармасының «Павлодар облыстық көркемсурет музейі» КМҚК Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы 1964 жылы құрылды. Қазіргі уақытта музей басшысы Нургамисова Айгүл Нұрланқызы.

Музей облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көркемсурет бөлімінен өсіп шықты. Музей коллекциясының негізін Т.Г.Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының 46 туындысы құрады. 1965 жылдың басында Целиноград қалалық мәдениет басқармасы мәскеу суретшілерінің 103 туындысы сыйға тартылды. Шығармалардың жартысын мұражайға КСРО Мәдениет министрлігі және Мемлекеттік Третьяков галереясы тарту етті – соның ішінде В. Серовтың офорттары (ХХ ғасырдың басы), Н. Каразиннің акварелі (1860 жыл). 1965 жылы мұражай келушілер үшін ашылды. 1979 жылы жаңа ғимаратқа көшті. 1992 жылымузей атауы Павлодар облыстық кеңес бейнелеу өнері мұражайынан Павлодар облыстық көркемсурет музейі болып ауыстырылды.

Қазіргі кезде музей қорында 6155 экспонат сақталған. Жыл сайын музей 50-тен аса экспозиция қояды. Музейде көркемсурет, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнерінің үлкен жинағы көрсетілген.

Музей коллекциясы 20-жылдардан 80-жылдарға дейін совет бейнелеу өнерінің дамуын елестетуге жақсы мүмкіндік береді. Қазақстандағы өнердің даму тарихын көрсететін музей қорындағы ең құнды экспонаттарының ішінде 20-ғасырдың басында салынған көркемсуретші Н.Хлудов және оның А.Бортников, Н.Соловьев сияқты ізбасарларының салған пейзаждары, танымал суретші Ә. Қастеевтің шығармашылығы. Қазақстанның қазіргі заман кескіндемешілері мен графиктерінің: К.Телжанов, Г.Исмаилов, А.Ғалымбаева, С.Мамбеев, Л.Леонтьев, А.Черкасский, В.Эйферт, Ж.Шарденов шығармалары.

Музей коллекциясының мақтанышы 1919 жылдан 1929 жылға дейін Павлодарда тұрған белгілі орыс суретшісі В.П. Батуриннің (1863 -1938 жж.) картиналары болып табылады.

20-30 жылдардағы орыс авангарды Р.Фальк, А.Кравченко, В.Лебедев, И.Грабарь, А.Тышлердің еңбектерімен көрсетілген. 50-жылдардың мәскеу авангардын А.Зверев, Д.Плавинский, Б.Жутовский, В.Вейсберг, Л.Кропивницкий, А.Харитонов картиналары көрсетеді. 70-80 жылдардың өнері Н.Нестерова, А.Ситников, О.Булгакова, И.Купряшин, Е.Миттаның атымен қойылған.

Графика коллекциясы Е.Сидоркин, А.Гурьев, И.Исабаевтың шығармалары көрсетілген. Бұл бөлімде С. Калмыковтың жұмыстары ерекше орын алады. Сонымен бірге музей 50-90 жылдардағы павлодарлық кескіндемеші және графиктерінің жұмыстарымен танысуға болады: А.Бибин, К.Баймулдин, А.Гулин, П.Величко, М.Колмогоров, П.Лысенко.

1990-2000 жылдары Павлодар облыстық өнер музейі өз дамуын жалғастыра отырып коллекциясын кеңейтеді, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі заманғы көркемөнер өмірін суреттейді. Жыл сайын музей 50 экспозиция, көптеген көрмелер қояды. Бұл музей қорынан алынған тақырыптық топтамалар, павлодарлық суретшілердің жеке көрмелері, фотокөрмелер, «М*АРТ» жастар жобасының бағдарламалары, балалар суретінің коллекциясы, ТМД көшбасшы мұражайларының жиынтығынан көшпелі көрмелер.

Музей қабырғаларында суретшілермен кездесулер, шеберлік-класстары, экскурсиялар, әдеби-көркемөнер және музыкалық кештер, тұсаукесерлер, бейнелеу өнері тарихы туралы бейнефильмдерді көрсету жүргізіледі.

Музей консультация беру және бағалау бойынша өз қызметін ұсынады, қалалық және облыстық білім беру мекемелерінің бағдарламаларына белсенді түрде қатысады.

Көркемсурет музейі Қазақстанның мұражайлары мен галереялары ғана емес, сондай-ақ Омбы, Новосібір мұражайлары, Британдық кеңес, Гете институты, «Ашық мұражай» халықаралық ассоциациясы, Ресей мұрайжайларының ассоциациясы бірге қызмет етеді.

 

Байланыстар:

Мекен - жайымыз:
Павлодар қ., Торайғыров көш., 44/1, «Павлодар облыстық көркемсурет музейі» КМҚК

Телефон:
Директордың қабылдау бөлмесі +7 7182 535811
Анықтама +7 7182536104, +7 7182536919

Сайт: pavlodar-museum.kz

Вконтакте: museum_of_art_pvl

Вконтакте тобы: pvlmuzei

Instagram:  #museum_of_art_pvl 

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Онлайн кім

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр