2020 жылдың 30 желтоқсан күні ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Павлодар облыстық көркемсурет музейі жаңарған түрімен ашылды. Бұл сәтті қала тұрғындары асығушылықпен күтті. Жөндеу жұмыстары нәтижесінде музейдің қасбеті өзгерді: келушілерді «MUSEUM» үлкен жазуы және баннер жүйесінің орнына келген керек ақпаратты ұсына алатын заманауи LED экран қарсы алады. Баннерге қарағанда үлкен көлемді бейнелі түрлі-түсті контент барлық ақпаратты толыққанды көрсете алады. Витражды ауыстыру мен көркемдеу, жылу беру жүйесін ауыстыру мен сурет ілу жүйесін жаңарту арқасында әр келуші өзінді толыққанды өнер ордасында сезе алады. Сонымен қатар, қордағы кескіндеме және графика туындыларын сақтау жүйесі жаңартылды. Ескірген жабдықтау заманауи және функционалды үлгілерге ауыстырылды.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде көркемсурет музейі бейнелеу өнерін сақтау мен дәріптеу, Ертіс өңірінің барлық тұрғындары мен қала қонақтарының көркем сауаттылықтарын көтеру мен ой-өрісін кеңейту сияқты алдына қойған мақсаттарға жетуіне бір қадам алға басты.

Павлодар облыстық көркемсурет музейінің жаңа көрмелері Ертіс өңірінің барлық тұрғындары мен қала қонақтарын жаңартылған түрінде қарсы алады!

Онлайн кім

Қазір 10 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр