Қожбаев Қайыржан
Қанатұлы
Әкімшілік-шаруашылық жұмысы бойынша музей басшысының орынбасары
ТУҒАН КҮНІ: 17.05.1990
ТУҒАН ЖЕР: Павлодар облысында
БІЛІМ
жоғары
Қайыржан Қанатұлы 1990 жылы 17 мамыр күні Павлодар облысында туған. Мәдениет саласындағы жұмыс өтілі 10 жылдан астам. 2013 жылдан бастап Павлодар облыстық көркемсурет музейінде қызмет атқаруда, 2014 жылы әкімшілік-шаруашылық жұмысы бойынша басшысының орынбасары лауазымына тағайындалып, осы қызметте 7 жылдан астам еңбек етуде. Білімі жоғары, 2011 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетін «Мәдениеттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің Әскери даңқ музейі филиалының қызметкері болып бастаған.
Мәдениет саласындағы көп жылғы адал еңбегі үшін, 2013, 2016 жылдары Назарбаев Зияткерлік мектебінің Алғыс хатымен, 2018 жылы Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің Алғыс хатымен, 2019 жылы «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Құрмет грамотасымен марапатталды.