12 08 2021 1

Жанара Сабденова бүгінгі таңда Қазақстанда ғана емес, шетелде де аты шыққан әрі қалаулы кескіндеме шебері болып табылады. Ол өзіне тән әрі танымал авторлық мәнерін тауып, оның тұғырын қалай білді. Дәстүрлі пейзаж, натюрморт және портрет жанрына сүйене отырып, суретші өзінің кескіндемелік шынайылық үлгісін құра білді.

Тұрақты өзгерістерге бейім қала кеңістігінің пейзаждары оның ең сүйікті жанры болып қалуда. Ол ауа-райына, тәулік уақытына және аса қырағы бақылаушы-суретшінің көңіл күйіне байланысты түрлі нақыштарды құрады. Ол қысқа мерзімді әп-сәттіліктің ұстап қалуға қиын сезімдерін беруге және оларды көрермендерге көрсетуге тырыса отырып, оның щынайы түсіндірмесінен саналы түрде алыстай түседі. Қала өзінің шексіз түрлілігін көрсетеді-бірде салтанатты алаңдар, кең орталық даңғылдар және жасыл бақтың желегіне оранған гүлзарлардың төрінен бір көрінсе, енді бірде тар аулалар мен шағын қалтарыстар төрінен өз көрінісін табады.

Көркемдік әдістер ретінде импрессионизмнен абстракцияға дейінгі жаңа өнердің түрлі кескіндемелік жүйелері қолданылады. Жиі автордың еркімен олар өзара қиысып бір кенеп матаның шеңберінде бірігіп өзінің үйлесімді қосындысын табады. Оның жұмыстарының басты артықшылығы түс – еркін, жеңіл және батыл.

Көрмеге 40-тан аса кескіндеме жанрында орындалған туындылар ұсынылып отыр. Қылқалам шебері пейзаж, портрет және тақырыптық суреттер бағытында жұмыс жасайды.

12 08 2021 212 08 2021 3

Онлайн кім

Қазір 36 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр