Shardenov 1982Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Халық суретшісі, Жанатай Шарденов отандық пейзаж шеберлері болып саналатын үздік суретшілер қатарынан шыққан зор дарынға ие тұлға. Кескіндемешінің туындылары көріністің тұтастығымен, табиғат пен әлемнің толыққанды бейнелеуімен ерекшеленеді. Әрбір қылқалам соққысы мен бояу бейнесіне тән қайталанбас темпераментқа толы суретшінің шығармашылығы уақыт өте келе қазақстандық бейнелеу өнерін бағалаушылардың өсіп келе жатқан қызығушылығын тудыруда.

Жанатай Шарденов 1927 жылдың 4 сәуірінде Целиноград (қазіргі Ақмола облысы) облысының Ковыленко аулында мал өсірумен айныласатын отбасыда дүниеге келіп, келешекте көпшілікке танымал болған өзінің тегін әкесі Шарденнің есіміне сай алған. Ауыр тынымсыз еңбекпен байланысты даланың қатал өмір жағдайы мен аурулар көп жандардың өмірін мезгілсіз үзіп жатты. Көп баланың ішінде Жанатай ғана тірі қалды. Баланың әкесі 1940 жылы қайтыс болып, қысқа уақыттын ішінде анасы 1941 жылы дүниеден озды. Болашақ суретші жетім қалып, оны әкесінің жағынан туысы болып келетін ағасы асырап тәрбиеледі. Жанатай бүкіл балалық шағында үй шаруасына көмектесумен, далада жұмыс істеумен, колхозда мал бағумен айналысқан. Ауыр және аш балалық шағындағы өмірлік қиыншылықтарына қарамастан ол ол өзінің сүйікті ісін тапты. Алғашқы суреттері құмда бұтақтармен салынса, көп уақыт ұзамай шығармашылық дарыны туралы бүкіл Ковыленко ауылы айта бастады. «Чапаев» суреті үшін бойынша аудандық олимпиадада ол бірінші орынға иеленіп, бас жүлде - қызыл матамен марапатталды. Сол жылдары ауылдар мен облыс орталықтарын халық арасынан дарынды тұлғаларда іздеумен айныласатын үшін комиссия аралап жүрген. Олар жас суретшінің талантын бірден көріп, содан кейін облыстық партия комитетінің нұсқауымен Жанатай Шәрденов Алматы қаласындағы көркемсурет училищесіне оқуға жіберілді.

Соғыс зардабы мен кейінгі ауыртпашылықтарға қарамастан 1943-1949 жылдары өткен уақытты суретші жылы сезіммен еске алатын. Алатау баурайындағы әсем қалада ол өзінің басты жанрын тауып, махаббатын кездестіріп жанұясын құрды. А.Черкасский, Л.Леонтьев, А.Бортников сияқты еңбектері сіңірген танымал қылқалам шеберлерінен білім алған уақыты рухани түсіністігінің жылы сәулесімен жарықтандырылған. Бұл жылдар ол үшін нағыз кәсіби шеберлік мектебіне айналды. Ұстаздарының сабақтары жас суретшінің дүниетанымының қалыптасуына зор әсерін етті. Жанатай соғыстан кейінгі қазақстандық кескіндеме өнерінің негізін қалаушылардың бірі Абрам Черкасскиймен бірге этюттарға саяхаттарын, ашық терезесінен таулар және гүлденген бақтар көрінетін студиядағы әңгімелерін үнемі еске алып отырды. Черкасскийдің «сабақтары» шәкіртінің өзін-өзі танып анықтауда шешуші рөл атқарып, Жаңатай өзіне өмір бойы ең жақын болып қалатын сүйікті пейзаж жанрына таңдау жасады....

1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдаған соң Жанатай Шәрденов бірден қалалық, республикалық және бүкілодақтық көрмелерге қатысып, елдің көркемөнер өмірінің белсенді қатысушысы болады. 1954 жылы білімін жетілдіру үшін Ленинград қаласындағы Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтына Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің стипендиаты ретінде жіберілді. Ол барлық музейлер мен галереяларды қызыға аралайды, импрессионизм бағытында шығармашылық ететін суретшілердің туындылармен жақсы танысады. Олар Жанатай үшін нағыз жаңалық болды. Академияда оқу кезінде стипендия бөтен қалада өмір сүруге, бояулар, кенеп, қағаз және тағы басқаларға жеткіліксіз болып, суретші вокзалдардың бірінде жүк тасушы болып ақша табуға тура келді. Бос уақытта, станцияда отырып, ол импрессионистердің тамашалаудан қалған әсерінен қарындашпен сурет салатын. «Өнердің биік шыңына апарар жол қиын, мен қиындықтан өтуім керек еді, бірақ өкінбеймін», - деп, сол жылдардағы өмірін көңілді және әзілмен еске алатын.

Сол жылдары суретшінің сүйікті мотивтердің шеңбері анықталды, бейнелі ойлау мен композициялық шешім қалыптасты, кенептер бетінің күрделі құрылымы пайда болды. Натуралық материалды түсіне отырып, суретші табиғаттағы пішіндер мен түстердің таусылмайтын байлығына, үйлесімділік пен контрастқа, жеке және тұтас пропорционалдылыққа тәнті болып қалатын. Оның шығармаларында композицияның эмоционалды күші кез-келген ландшафт күйінің ерекшеліктерін жеткізуге мүмкіндік береді. Жетілдірілетін тәжірибесі мен шеберлігі арқасында суретші табиғаттың сұлулығының реңктерін көзбен қабылдау және кенеп бетінде көрерменге жеткізу жағдайын жеткізді. Таулы ландшафтындағы Шарденовтың көріністері шынымен де керемет. Қылқаламмен қозғалысы мен бай түстер палитрасы қолданып қардың шұғыласын жарқыратып, күз мезгілінде немесе күн батқан сағаттың бейнелерін бейнелеуде ерекшесұлулыққа жеткізеді.

1961 жылы Жанатай Шарденов Қазақстан Суретшілер одағының қабылданды. Шығармашылық жұмысқа өте құштар суретші тауларға жиі барып, қала сыртына шығатын. Кейде Ыстықкөлдегі Қазақстан Суретшілер одағының саяжайларына барып, сурет салған. Ол әрдайым сол жерлерден суреттермен мен эскиздермен оралатын.

ХХ ғасырдың 60-70 жылдары пейзаж жанрында шығармашылықпен айналысқан суретшілерге үлкен көңіл бөлінбеді. Құрмет пен қадірге жету үшін шығармашылық тұлғалар еліміздегі социалистік қоғам мен партияның рөлін және жетістіктерін саяси-идеологиялық тұрғыдан өз туындыларында насихаттаулары қажет еді. Жаңатай Шәрденовтің қоржынында ондай суреттер аз. Мұндай картиналарды ақша табу мен отбасын асырау мақсатында салса да, олар шабытсыз ұзақ уақыт бойы жасалынып, суретші бұл туралы еске түсіруді ұнатпады. Жанатай есейіп өскен және өзіне жақын табиғат көріністерін бейнелеуде әуестігін көрді. Пейзаждарды бейнелеуде дара, өзіндік «шарденовтық» қайталанбас мәнер жарық көрді.

Ж.Шарденов и Рокуэлл Кент в Алма-Атинском аэропорту.1974

Ж.Шарденов и Рокуэлл Кент в Алма-Атинском аэропорту.1974

Жанатай Шәрденовтің шығармашылығында түсті еркін ырғақты қылқалам соққылармен орындалған пішіндерінің қайталанбас пластикасымен ерекшеленетін қалалық және өнеркәсіп пейзаждары маңызды орын алады. Мастер масштабтың, статиканың және қозғалыстың күтпеген салыстыруларын байқап, кенеп бетінде көрсетуге қабілетіне ие. Күзгі жапырақтардың немесе ақ қардың шуақты дақтары мен шексіз аспанның мөлдірлігі сәулесімен үйлердің қараңғы сұлбаларының қарама-қарсылығын шешудің тиімділігі зор. Адамның туған өлкесімен байланысын жақсы сезетін суретші үшін пейзаж және азаматтық сана элементтері біріктірілген тақырыптық сурет бағытында шығармашылық жасауы сөзсіз. Осы тұрғыдан суретші дыбыстық тұғырлыққа, бейнелік байсалдылыққа және түс көлемінің тұтастығына қол жеткізеді. Шарденов шығармашылығының негізгі мәні - кескіндемелік және пластикалық метафора. Әр түрлі түсті градациялар мен текстуралы материалдарды ауыстыра отырып, емендер, күзгі теректердің және қысқы қайыңдардың тәждері керемет. Бұл кенеп шекарасына с, қалың, түрлі-түсті масса түрінде алып бұталы «Қысқы қайыңы» туындысында бірден байқалады. Кенеп бетінде ағаш бейнесіндегі текстураның керемет әсері, бұталардағы өсінділердің ғажайып пішіндері, ертегілердегі асыл қазылар тәрізді күміс-ақ бұдыр қабықтар мен қар жамылғыларының ғажайып жарқыны суреттелінген. Жапырақты бұтақтары мен мықты діңдері бар ағаш – аспан күмбезі мен жердің қабаттары арасындағы байланысының болмыстық символы ойластырылды. Ол өзінің қылқаламның кең динамикалық соққылармен бірегей пастозды техникасында суреттегенде, кенеп бетінде салынған бейнелердің бәрін шапшаңдық пен нәзіктікке толтырды. Шетелдік әріптестер Жанатай Шардиновтың шығармашылығын Ван Гогпен салыстырып, ал оны өзін 18 ғасырдың әйгілі француз суретшісі Жан-Батист Шарденмен салыстыра отырып, «қазақстандық Шарден» деп атаған.

Суретшінің өнерді түсіну ерекшеліктері 1962 жылы Алматы қаласын іс-сапарда болған әйгілі американдық суретші Рокуэлл Кент атап өтіп, сарапшы ретінде жоғары баға берді. Шарденов бұл кездесуді мәңгі есінде сақтады. Қазақ көркемөнер галереясындағы алматылық суретшілердің көрмесімен танысу кезінде Рокуэлл Кенттен естелік ретінде бір шығармашылық туындыны таңдап, оны сыйға ұсынды. Танымал шетелдік суретші еш ойланбастан, Ж.Шарденовтың таулы пейзажына бірден сүйсініп, оны өзінің отанына естелік ретінде әкетті. Суретте алтын күн сәулесіне оранып Алатау тауларының мұзды шыңдарының тізбегі бейнеленген болатын. Жанатай Шәрденов сәттілікпен шабыттанып, Рокуэлл Кентті өзінің шеберханасына шақырып, тағы да екі пейзажды қонаққа сыйлады. Ол оның жұмысын түсініп, бағалайтынын түсінді. Бұл кездесу және жаңа шетелдік досымен бірге түскен фотосурет әрқашан оның ғана емес, оның бүкіл отбасының мақтанышы болды. Осы кездесуден кейін ол өзінің тура жолда екеніне тағы бір рет көз жеткізді. Кейін Мәскеу қаласында Шарденовтың шығармашылығын әйгілі суретші Мартирос Сарян жоғары бағалады. Жанатай дарындылығы мен шығармашылығын көптен күткен танулуы айқын болып, оның кескіндеме мәнерін түсінбегендердің барлығы әлемдік шебердің бастауымен суретшінің шығармашылығындағы көрнекті мәнерді және жоғары шеберлікті мойындауы мәжбүр болды. Ол өзінің бірегей көркемсурет мәнерін былай түсіндірді: «Бұл тәсіл маған сыртқы дүниені, табиғатта болатын сезімдерді визуалды қабылдауды кенеп бетіндетолыққанды көрсетуге мүмкіндік береді». Жанатай Париждегі оның туындыларын көрседеі деп шын жүректен үміттеніп, қылқалам шеберінің пейзаждары Мұхтар Әуезовтың мерейтойына орай Париж қаласында «Қазақстанның бейнелеу өнері» атты көрмесінде негізгі интонациясын анықтады.

Қылқалам шеберінің шығармашылығында 70-жылдар маңызды кезең ие. Суретші республиканы жиі аралады. Ол Теміртаудағы атақты қазақстандық Магнитканың жұмысшыларының бейнелерін суреттеп, ондаған эскиздер жасады. Қарағандыға және Көкшетау өңірінегі «Бурабай» курортына санаторий әкімшілігінің өтініші бойынша көлдің жанында, сол өңірде орындалған шығармаларының көрмесін өткізді. Балтық елдеріне, Паланга қаласында орналасқан КСРО Суретшілер одағының Шығармашылық үйінде сапармен болып және сол жерде «Клайпеда», «Паланга», «Шығанақ», «Балтық пейзажы» туындыларының топтамасын жасады. Дербес көрмелер сериясы өткізіп, 1981 жылы суретші «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағына ие болып, «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен табысталды. 1987 жылы Ж.Шарденов атты Қазақ КСР-ның Жоғары кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жанатай Шарденовтың шығармашылық туындылары жайлы баяндасақ олардың суретшінің мінезімен тығыз байланысын бірден аңғарамыз. Ақжарқын көңіл мінезді, айналасындағы адамдарға ашық және мейірімді, ол өзіне көпшілікті бірден қаратып жайғастыратын. Өмірінің 50 жылдан астам уақытын өзінің сүйікті ісіне арнаған. Жанатай Шарденов екі мыңнан астам пейзаж, композиция және портрет жанрларында орындалған туындылары Қазақстанның және басқа елдердің 20-дан астам музейлерінің қорларында сақталынады.

1992 жылдың 24 наурызында Жанатай Шарденовке «Қазақстан Халық суретшісі» атағы берілді. Бұл суретшінің еңбегін, оның туған елінің көркемөнеріне қосқан зор үлесін көптен күткен тану болды. Сезімдер оны басып озды, қылқалам шебері көптеген қонақтар мен делегациялар алдында одан да көп шығармашылық жасау керек деп айтқан. Адам болмысының нәзіктігін түсіну неғұрлым қиын. Жанатай Шарденов қиыншылықтар мен ауыртпалықтардан аман өтіп, төтеп бере алса, сол үлкен қуанышты жүрегі көтере алмады.

Жанатай Шарденов 1992 жылдың 29 наурызында Медеу шатқалындағы пленэрде мольберттің қасында қайтыс болды. Ол суретші болып туып, суретші болып қайтыс болды. Не болғанын ешкім білмейді. Ол таңертең ерте кетіп, енді оралмады ... Оның жаны әрқашан ұмтылған жерінде қалды. Ол тауларды жақсы ксүйіп және олар таңымал етті... Әрдайым Жанатай Шарденовтің картиналарына үңіле отырып, қылқалам шеберіне тән шығармашылық көзқарас, үйлесімділікке деген ізденіс пен табиғатқа деген ұмтылыс, туған қазақ жеріне деген махаббат пен сүйсінуді бірден сезесің.

Құпиялар мен ғажайыптар әлемінде саяхаттаған нағыз суретші заттар мен құбылыстардан күнделікті өмірдің мағынасын алып тастап, көрерменге өзінің керемет, терең рухани, өмірдің өзегіне енуге толы әлемін сыйлады.

 

Ольга Витальевна Пашко, өнертанушы,
Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі,
Орталық Азиядағы мәдени саясат және басқару бойынша
халықаралық форумының  
ICOM  ASPAC  эксперті

Онлайн кім

Қазір 40 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр