26 08 2021 1

20121 жылдың 27 тамызында Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Гүлденген жаз. Цветущее лето» атты көрмесі ашылды. Экспозицияда натюрморт, портрет, композициялар сияқты тақырыптық жанрларда орындалған жарқын әрі жұпар жазғы гүлдерді бейнелеген 27 автордың 35 шығармашылық туындысы өнерсүйер қауымының назарына ұсынылған.

Гүлдерді бейнелейтін композициялар мен сюжеттер қылқалам шеберлерін ерекше сұлулығымен, әсемдігімен және нәзіктігімен әрдайым қызықтыратын. Кез келген маңызды оқиға, сүйіктілер мен жақын адамдар туралы ойлар, өмірдің қуанышты сәттері қалай да болсын Флора өсімдіктер әлемінің жоғарғы өкілдері - гүлдермен бірден байланыстырылады. Жаз мезгілінің соңы - тамыз айы, барлық адамдарды гүлдер мен жемістердің молшылығымен қуантатын кез кескіндеме шеберлерінің аталмыш туындыларында бейнеленген.

Көрмені 2021 жылдың 27 тамызы мен 20 қыркүйегі арасында көріп тамашалауға болады.

26 08 2021 226 08 2021 3

Онлайн кім

Қазір 16 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр